Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 05 қаңтардағы
№ А-1/3 қаулысымен
бекітілген
«Ақмола облысы білім басқармасының
Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі
Көкшетау қаласының № 2 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
1. «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 2 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (одан әрі –мемлекеттік мекеме) білім беру, тәрбие функцияларын жүзеге асыру үшін коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға дәрежесі бар, коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Президент пен Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес және осы Жарғының негізінде жүзеге асырады.
4. Ақмола облысының әкімдігі мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады (бұдан әрі – Құрылтайшы).
5. Мемлекеттік мекеменің өкілетті «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады. (бұдан әрі- тиісті саланың уәкілетті органы).
6. Мемлекеттік мекеменің атауы: «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 2 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ш.Құдайбердиев көшесі 111.
2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
8. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде мемлекеттік мекеменің атауы барбланкілері, мөрі болады.
9. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
10. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде, оның міндеттемелерібойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
11. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, өз күшіне енеді.
3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
12. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні білім алушыларды жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүддесінде оқыту және тәрбиелеу болып табылады.
Мемлекеттік мекеме қызметінің басты мақсаты – қазіргі заман талаптарына сай жалпы білім беру бағдарламалары мазмұнының міндеттерін минимумын игерту, ойлау процестері мен рефлексия дағдыларын дамыту, қоғамның өзгермелі жағдайларына бейімделе алатын үйлесімді дамыған жеке тұлғаны дамыту.
13. Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылым мен практика жетістіктеріне негізделген тұлғаның қалыптасуы, дамуы, маман ретінде жетілуіне бағытталған сапалы білім алуға қажетті жағдайларды жасау;
2) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық қабілеттерін дамыту, адамгершіліктің берік тұғыры мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдайлар жасау арқылы оның ақыл-ойын байыту;
3) өз Отанына- Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілігін, патриотизм мен азаматтық сезімдерін, мемлекетттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін кез келген құбылыстарға деген төзімсіздік сезімін тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық рухтағы тұлғаны тәрбиелеу; қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірге қатысуға деген қажеттіліктерін, тұлғаның өз құқықтары мен борыштарына саналы түрде қарауын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктерімен таныстыру, қазақ халқының және Қазақстан Республикасының басқа да халықтарының тарихы мен салт-дәстүрлерін зерттеу, мемлекеттік тілді, оған қоса орыс және басқа да шет тілдерін меңгеру;
6) педагогикалық қызметкерлердің әлеуметтік деңгейін көтеру;
7) қоғам мен экономиканың талаптарына сай келетін білім берудің сапасын бағалайтын ұлттық жүйенің жұмыс істеуі;
8) оқытудың жаңа технологиялырын енгізу және тиімді қолдану;
9) ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға білім алу үшін арнайы жағдайлар жасау;
10) оқытудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін білім беру бағдармалары мен педагогикалық технологиялардың әзірленуі және іске асырылуы;
11) баланың өзін шығармашыллық және дарынды тұлға ретінде көрсететін шығармашылықты дамытатын жеке бағдармаларды жасау;
12) балаларды өзін-өзі дамыту және өз-өзінің білімін жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру;
13) мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді.
14. Жалпы білім берудің бастауыш оқу бағдарламалары баланы тұлға ретінде қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу іс- әрекетіне деген оң ынталандыру мен іскерліктерін дамытуға: негізгі мемлекеттік мекеме білім беру бағдарламаларын одан әрі игеру үшін өзін-өзі шығармашылықпен жүзеге асыру, тілдік қарым - қатынас жасау тәжірибесін, оқу, жазу, есептеудің берік дағдыларын, мінез-құлық мәдениетін дамытуға бағытталады.
15. Негізгі орта білім берудегі жалпы білім берудің оқу бағдарламалары оқушылардың ғылым жүйесінің базистік негіздерін игеруіне, оларда жоғары тұлғааралық және ұлтаралық қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыруына, жеке адамның өзін-өзі анықтауы мен кәсіби бағдарын қалыптастыруға бағытталады;
16. Жалпы орта білім берудің жалпы орта білім беретін оқу бағдарламалары жаратылыстану - математикалық және қоғамдық - гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып, білім беру мазмұнын саралау, интеграциялау және кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.
17. Дарынды балалардың әлеуетті қабілеттерін неғұрлым толық дамыту үшін оқу бағдарламасының кейбір пәндерін терең меңгеру мақсатында мамандандырылған жалпы білім беру оқу бағдарламалары әзірленеді.
18. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметтің Үлгі қағидаларына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес жаратылыстану-математика циклының жеке пәндерін тереңдетіп оқытатын лицей сыныптарының жұмыс істеуі.
Жаратылыстану математикалық цикл (ЖМЦ) жеке пәндерін тереңдетіп оқытатын лицей сыныптары негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, физика-математикалық (жаратылыстану-ғылыми) бейіндегі пәндер бойынша оқушыларды қосымша даярлауды қамтамасыз ететін жалпы білім беретін сынып болып табылады.
19. Мемлекеттік мекемеде балалар мен жасөспірімдерді медициналық қамтамасыз ету «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады
20. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын білім алушылардың игеруін бақылау мақсатында, мемлекеттік мекеме «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес, білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды және қорытынды аттестаттауды жүзеге асырады.
21. Мемлекеттік мекеме орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді өзектендіруді және ұлттық білім беру деректер қорындағы деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.
22. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тәртібі.
1) мемлекеттік мекемедегі оқу-тәрбие процесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес Үлгілік оқу жоспарлары мен Үлгілік оқу бағдарламалары негізінде әзірленетін жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады .
2) мемлекеттік мекемедегі оқыту және тәрбиелеу процесі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
3) мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген шеңберде оқытудың түрлері, әдістері және құралдарын таңдауға дербес деп саналады.
4) оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуының негізі мемлекеттік мекеме жүзеге асыратын оқу-тәрбие процесінің жоспарлануы мен есепке алынуы болып табылады.
5) мемлекеттік мекемедегі оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
6) мемлекеттік мекемедегі оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің жоспарын және теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту жолымен жүзеге асырылады.
7) мемлекеттік мекемедегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерін есепке алу оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуын есепке алудың сынып журналдарын жүргізу және оқу бағдарламаларының орындалуын есепке алу жолымен жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекемеде «Күнделік» электронды сынып журналы жүйесі пайдаланылады.
8) Білім мен ғылымды интеграциялау, оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында мектеп-лицейде оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүзеге асырылады.
9) мемлекеттік мекемедегі тәрбие беру бағдарламасы білім үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылады және патриотизм, азаматтылықты, интернационализм, мораль және адамгершілікті қалыптастыруға, сонымен қатар оқушылардың жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған.
10) мемлекеттік мекемеде жалпыға танылған халықаралық құқық және гуманизм принциптеріне қарама-қайшы келетін нәсілдік, этникалық, діни, әлеуметтік ымырасыздықты насихаттау, милитаристік және басқа идеяларды тарату, сонымен қатар діни ерекшеліктері көрсетілген киім киюге тыйым салынады.
11) оқу-тәрбие процесі білім алушылардың және педагогтердің адами қасиеттерін өзара сыйлау негізінде жүзеге асырылады. 12) оқушыларға физикалық, моральдық және психикалық зорлық- зомбылық жасауға рұқсат етілмейді.
13) мемлекеттік мекемедегі әскерге шақырылу немесе әскерге шақырылуға дейінгі жастағы оқушылардың бастапқы әскери дайындығы Қазақстан Республикасынының заңымен бекітілген тәртіп бойынша жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
14) мемлекеттік мекемеде жалпыға міндетті мемлекеттік стандартқа сай мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі, сонымен қатар орыс тілі және мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сай шет тілдерінің бірі оқытылады.
15) оқушылардың және олардың ата-аналарының, педагогикалық кеңес отырысының шешімімен, қамқоршылар кеңесі негізінде, ЖМЦ пәндері ағылшын тілінде оқытылады.
16) Білім алушылардың оқу жүктемесі, сабақ режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, Денсаулық сақтау және білім беру органдарының үлгілік оқу жоспарлары мен ұсынымдары негізінде дайындалған мемлекеттік мекеме бекітетін ережелермен айқындалады және Қамқоршылық кеңесімен және мемлекеттік мекеменің ата-аналар комитетімен келісіледі.
17) білім алушылар білім беру ұйымында белгіленген киім нысанын күнделікті сақтауға міндетті.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес, мектеп формасы білім берудің зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мемлекеттік мекеме формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында сақталады. Мектеп формасының түсі –қара көк түсті.
Әртүрлі конфессияларға жататын діни киімдердің мектеп формасына енуіне жол берілмейді.
Ата-аналар мен басқа заңды өкілдер оқушыларды мемлекеттік мекеме белгілеген мектеп формасымен оқушыларды қамтамасыз етеді.
23. Білім беру ұйымына қабылдау тәртібі.
1) Оқушыларды мемлекеттік мекемеге қабылдау «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын даярлауға ведомстволық бағыныстылығына қарамастан құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымына қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
2) Оқушыларды мемлекеттік мекемеге қабылдау тәртібі бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім алуға қабылдаудың Үлгі ережелері негізінде іске асырылады.
3) Жаратылыстану-математикалық циклдің жеке пәндерін тереңдете оқытатын лицей сыныптарына қабылдау мемлекеттік мекеме директорының бұйрығымен ресімделеді. Директор қабылдау кезінде білім алушы мен оның ата-аналарын осы Ережемен таныстыруға міндетті.
4) Мемлекеттік мекемеге сыныптарына түсу оқушы ата-анасының (заңды өкілінің) жазбаша өтініші негізінде ресімделеді.
5) Мемлекеттік мекемеге сыныптарына біршама дайындалған 5 сынып оқушыларының санынан конкурс негізінде алынады. Лицей сыныптары оқушыларының білім деңгейі конкурстық сынақтардың қорытындысы бойынша анықталады.
6) Физика-математика (жаратылыстану-ғылыми) лицей сыныптарының оқушылары үшін математика пәнінен, оқыту тілінен (қазақ тілі және орыс тілі), ағылшын тілінен кешенді тестілеу өткізіледі.
7) Тиісті білім беру бағдарламасы бойынша дайындалған басқа білім беру мекемесінен келген оқушылар мемлекеттік мекеменің директорының бұйрығымен лицей сыныбына қабылданады. Тиісті білім беру бағдарламасымен дайындалмаған оқушылар жаз уақытында мемлекеттік мекемеге қабылданса, тиісті қойылған тәртіп бойынша лицей сыныбына қабылданады.
8) Мемлекеттік мекеме сыныбында оқитын оқушылар дәстүрлі бағдарламада оқитын параллель сыныбына көшуге құқығы бар.
24. Оқушыларды оқудан шығару тәртібі мен негіздемелері
1) Бiлiм беру ұйымынан 16 жасқа дейінгі балаларды ерекше жағдайларда бiлiм берудi басқару органдарының шешiмi бойынша, заңға қайшы әрекеттер жасағандығы, бiлiм беру ұйымының Жарғысын өрескел және бiрнеше рет бұзғандығы үшiн оқудан шығаруға рұқсат етіледі.
2) Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару шешімі қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімі негізінде қабылданады.
3) Мемлекеттік мекеменің лицей сыныбынан шығару педагогикалық кеңес отырысымен шешіледі:
-аралық (қорытынды) аттестация кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған оқушылар;
-лицей компонентінің кескін пәнінен жылдық бағасы қанағаттанарлықсыз оқушылар;
-денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындының негізіндегі оқушылар.
25. Білім беру ұйымының білім алушылары және олардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен қарым-қатынасты рәсімдеу тәртібі.
Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ата-аналары мен басқа заңды өкілдері құқылы:
1) баланың жеке және дара ерекшеліктеріне, қалауына сай білім беру мекемесін таңдауға ;
2) ата-аналар комитеттері, қамқоршылық кеңес арқылы мемлекеттік мекемені басқару органдарының жұмыстарына қатысуға құқылы;
3) өз балаларының оқу үлгерімі, тәртібі, оқу жағдайы жайлы мәліметті алуға ;
4) келісім шарт негізінде балалардың қосымша қызмет алуға.
Оқушылардың ата-аналары мен басқа заңды өкілдері міндетті:
1) балалардың оқуға, өмір сүруге қауіпсіз жағдайларын қалыптастыруға, физикалық және интеллектуалды дамуын қамтамасыз етуге, адами тұлғасын қалыптастыруға ;
2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектеп алды даярлығын қамтамасыз етуге;
3) білім беру мекемесінің Жарғысындағы ережелерді орындауға;
4) мемлекеттік мекемедегі балалардың сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге.
26. Педагог қызметкердің құқықтары мен міндеттері.
Кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде педагог құқылы:
1) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын сақтау шартымен кәсіптік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;
2) лауазымды және басқа да адамдар тарапынан заңсыз қарым-қатынастан және кедергіден қорғануға;
3) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан кәсібіне құрметпен мінез-құлыққа; қарауға;
4) кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілуге;
5) ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыруға, педагогикалық практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
6) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда шығармашылық бастамашылыққа, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеуге және қолдануға, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа, неғұрлым жетілдірілген әдістерін дамытуға және таратуға;
7) білім беру бағдарламасына сәйкес оқу құралдарын, оқу материалдары мен оқыту, тәрбиелеудің өзге де құралдарын таңдауға;
8) білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, әдістемелік материалдарды және білім беру қызметінің өзге де компоненттерін, сондай-ақ оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдарын әзірлеуге қатысуға;
9) жұмыс орны бойынша сайлану және сайланбалы лауазымға орналасуға;
10) білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған, оның ішінде білім беру ұйымының қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға қатысуға;
11) білім беру ұйымын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
12) кемінде бес жылда бір рет біліктілігін арттыруға;
13) үздіксіз кәсіптік дамыту және біліктілікті арттыру нысандарын таңдауға;
14) біліктілік санатын мерзімінен бұрын алуға;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке жедагогикалық қызметті жүзеге асыруға;
16) кәсіби қызметтегі жетістіктері үшін көтермеленуге;
17) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда кәсіптік дағдыларын қолдау және арттыру үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтуге;
19) ұйым басшысының өзіне қатысты қабылдаған актілеріне, әрекеттеріне және шешімдеріне жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағымдануға;
20) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтетуге;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға.
Мемлекеттік мекеменің педагогикалық қызметкерлері:
1) өз қызметінде тиісті кәсіптік құзыреттерді меңгеруге;
2) оқыту мен тәрбиелеудің педагогтік қағидаттарын сақтауға, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге;
3) өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға);
4) педагогтік әдепті сақтауға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден өтуге;
6) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
7) балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;
8) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға;
9) білім беру ұйымының басшылығына өмірлік қиын жағдайда жүрген баланың анықталу фактілері туралы дереу хабарлауға;
10) құқық қорғау органдарына және білім беру ұйымының басшылығына қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлауға;
11) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне консультация беруге міндетті.
Педагог білім беру процесін саяси үгіттеу, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді саяси, діни немесе өзге де сенім-нанымдарды қабылдауға не олардан бас тартуға мәжбүрлеу үшін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік тиесілік белгісі, дінге көзқарасы бойынша азаматтардың ерекшелігін, астамшылығын не кемшіндігін насихаттайтын, оның ішінде білім алушыларға Қазақстан Республикасының ұлттары мен ұлыстарының тарихи, ұлттық, діни және мәдени дәстүрлері туралы анық емес мәліметтерді хабарлау арқылы үгіттеу үшін, сондай-ақ білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануға құқылы емес.
Міндеттерін бұзғаны және педагог атағына нұқсан келтіретін теріс қылық жасағаны үшін педагог Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
27. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 63 бабына сәйкес ақылы қызмет көрсетуге құқылы.
Мүлікті жалдауға (жалға алуға) беруден алынған кірісті мемлекеттік мекеме дербес пайдаланады.
28. Мемлекеттік мекемеде оқыту үлгі нысаны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсету шартының негізінде жүзеге асырылады.
29. Мемлекеттік мекеме осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқығы жоқ.
30. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органның талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4. Мемлекеттік мекемені басқару
31. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
32. Құрылтайшы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
2) мемлекеттік мекеме жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
3) коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату туралы шешім қабылдайды;
4) мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзге асырады;
33.Тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
4) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
5) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
6) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
34. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекеме басшысы тиісті саланың уәкілетті органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
35. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
36. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
37. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
38. Мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік мекеменің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін ұсынады;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың озге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) тиісті саланың уәкілетті органы тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің озге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
12) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады және ол үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және тиісті саланың уәкілетті органымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
39. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі:
1) оған меншік иесі берген мүліктен;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.
40. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.
41. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда білім беру (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
42. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметі бюджеттен қаржыландырылады.
43. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
44. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
45. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу тәртібі
46.Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі.
47. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
48.Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі.
49. Мемлекеттік заңды тұлға, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
50. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін Құрылтайшы қайта бөледі.
51.Таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
9. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
52. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
Басшы ______________________ _______________________
Т.А.Ә. қолы