Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2024 жылғы есеп көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейі» КММ.
Заңды мекен-жайы: Көкшетау қаласы Ш.Құдайбердиев 111
1.Мемлекеттік көрсетілесін қызметтер туралы ақпарат: Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейінде 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
5.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
6. «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау»
2024 жылы барлығы 1170 қызмет көрсетілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 0;
Мектеп-лицейінде барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Электрондық нұсқада көрсетілетін қызметтер саны – 826
Қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны - 344;
Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
«Жалпы білім беретін мектептегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»
2.Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://sc0002.kokshetau.aqmoedu.kz/ білім бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, лицейде ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар: түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар.
Мектептің 2024 жылы сайтта және әлеуметтік желілерде жарияланымдар жарияланды. Ай сайынғы негізінде, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер іске асырылады.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап мектепте ҚР БҒМ ММ АЖО Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жүйесі жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 6-дан астам қызметкер көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2025 жылы білім басқармасы және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.