«Ақмола облысы білім беру бөлімінің Көкшетау қаласындағы білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 2 лицей-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Школа-лицей №2 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

2024 жылғы 10 қаңтарда Көкшетау қаласының № 2 мектеп – лицейінің 9 сынып оқушылары "Арна" Көкшетау жоғары колледжінің өкілдерімен кездесу өтті.

2024 жылғы 10 қаңтарда Көкшетау қаласының № 2 мектеп – лицейінің 9 сынып оқушылары "Арна" Көкшетау жоғары колледжінің өкілдерімен Есімова Д. А., Назымбекова Л. Д. кездесу өтті.

Колледж педагогтары келесі мамандықтар бойынша ақпарат берді: "Бағдарламалық қамтамасыз ету", " электрмен жабдықтау "(салалар бойынша), "Төтенше жағдайларда қорғау" (бейін бойынша), "Киім дизайны", "Графикалық және мультимедиялық дизайн"," Дене шынықтыру және спорт", "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту", "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі", " Әлеуметтік жұмыс", "Құқықтану", "Табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану", "«Аударма ісі» " және т. б.

Олар колледждің келесі артықшылықтары туралы әңгімеледі:

- 9 және 11 сыныптар базасында білім беру гранттары бойынша барлық мамандықтарға стипендия төленеді.

 - қаладан тыс студенттерге арналған заманауи жатақхана;

- қала орталығындағы ыңғайлы орын;

- А. Мырзхметов атындағы Көкшетау университетінің әскери кафедрасында оқуды жалғастыру мүмкіндігі бар.

Оқушылар колледжде оқу бойынша сұрақтар қойды. Қызметкерлер таныстыру үшін жадынама таратты.

 

Педагог-кәсіби бағдар беруші

Басболатова А. Р.

 

Жаңартылған күні: 12.01.2024 14:48
Құрылған күні: 12.01.2024 14:48

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст