Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 2 мектеп-лицейі» КММ
2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп
1. Жалпы ережелер
1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейі» КММ
Заңды мекенжайы: Көкшетау қаласы, Ш.Құдайбердиев 111
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейі» 9 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2025 жылы Көкшетау қаласының № 2 мектеп-лицейі 790 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Оның ішінде:
· электрондық үкімет порталы арқылы – 518 мемлекеттік қызмет;
· «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 0 мемлекеттік қызмет;
· қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы – 272 мемлекеттік қызмет;
· қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық форматта – 0 мемлекеттік қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар - 267
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Балаларды бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
«Жалпы білім беретін мектептерде оқитын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы білім алушыларды тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету»;
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және қабылдау (оқуға қабылдау)»;
«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау»
2. Қызмет алушылармен жұмыс
1) Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер
Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат мектептің ресми интернет-ресурсын http://sc0002.kokshetau.aqmoedu.kz/ «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары жарияланған.
Сондай-ақ барлық ақпарат ресми интернет-ресурстарында және ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар
2025 жылы мектеп 5 түсіндіру іс-шарасын өткізді, оның ішінде: ресми интернет-парақшаларда 5 жарияланым өткізілді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1. 2025 жылы 6 қызметкер мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2025 жыл ішінде мектепке мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдар – 1.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері
Ішкі бақылау бақылау іс-шаралары мен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу нысанында жүзеге асырылады. 2025 жылға арналған бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес Ақмола облысының білім беру ұйымдарында 1 бақылау іс-шарасы өткізілді.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары
Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:
· Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қатаң сақтау;
· мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
· электрондық үкімет порталы арқылы жүгінулер үлесін арттыру;
· қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
· мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.