Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 2024 жылдың 17 жетоқсанда Көкшетау қаласының № 2 МЛ-нің 9 сынып оқушылары Көкшетау қаласының жоғары Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің өкілдерімен кездесті.
Олар колледждегі оқу мамандықтары туралы акпарат берді: мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, дене шынықтыру және спорт, бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша), есеп және аудит, біліктілігі бухгалтер, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, жол қозғалысын ұйымдастыру, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, электромеханикалық жабдыққа техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері мен салалары бойынша).
Оқушылар колледжде оқу бойынша сұрақтар қойды. Қызметкерлер таныстыру үшін жадынама таратты.
Педагог-кәсіби бағдар беруші
Басболатова А. Р.