2019 жылдың 21 ақпан күні Әдебиет және өнер музейінде қазақтың атақты әнші- композиторы, жауырыны жерге тимеген балуан, күш өнерін көрсеткен спортшы Балуан Шолақ Баймырзаүлының туғанына 165 жыл толуына орай «Үш жүзге атым шыққан Балуан Шолақ» тақырыбында музыка сабағы болып өтті

Ән сабағын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрының актеры Құмарбек Қалқатай жүргізді.Ән сабағына Көкшетау Орта мектеп лицеинің жоғары сынып оқушыларымен музыка пәні мұғалімі Мусабаева А.Е. қатысты.