30 наурызда Көкшетау қаласындағы "Жоғары техникалық колледжде" кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Көкшетау қаласындағы № 2 МЛ 9 сынып оқушылары үшін Ашық есік күні өтті.
Оқытушылар мен студенттер экскурсия өткізіп, түрлі мамандықтар туралы әңгімеледі.
Іс-шара барысында оқушыларға "Техник - электромеханик", "Техник - жобалаушылар", "Техник-теплотехник", "Электрогазбен дәнекерлеуші", "Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші", "Ақпараттық жүйелер технигі" мамандықтары ұсынылды.
Колледж студенттері өз мамандықтары туралы айтып, бағдарламалық код жазуда, роботтарды құрастыруда, инновациялық білім беру бағдарламалары туралы өз дағдыларын көрсетті. Оқушыларды аудиториялармен, оқу-өндірістік шеберханалармен таныстырды
Педагог – кәсіби бағдар беруші
Басболатова А. Р.