«Ақмола облысы білім беру бөлімінің Көкшетау қаласындағы білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 2 лицей-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Школа-лицей №2 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

"Ғылым" күні кәсіптік бағдар беру іс-шарасы

2024 жылғы 17 қаңтарда Көкшетау қаласының №2 МЛ-де кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында, сондай-ақ математика, физика, информатика апталығы шеңберінде "Профбилдинг" мүшелері яғни Ш. Уәлиханов атындағы Кокшетау университетының математика, физика, информатика кафедрасының оқытушылары Шуюшбаева Н. Н., Калиева А. К., Сугиралиева ж. е., Ларионова С. В., Бркенова А. С., Жасынбай А. Д. және университет студенттері бірлесіп  8-11 сынып оқушыларымен "Математика, физика информатика – болашаққа қадам"тақырыбында дөңгелек үстел дайындап, өткізді.

Іс-шараның мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен шығармашылық бастамаларын дамыту. Ақылдылықты, математикаға, физикаға, информатикаға қызығушылықты дамыту, кәсіби және ғылыми шығармашылыққа деген қызығушылықты ояту.

Дөңгелек үстел барысында әртүрлі аспекте мәселелер талқыланды: білім беру бағдарламалары бойынша ақпарат, 3Д модельдеу, бағдарламалау жобасы, робототехника, студенттер математикалық викторина, физика бойынша қызықты эксперименттер өткізді.

Іс-шара қызықты және танымды өтті, мектеп оқушылары сұрақтар қойып, пікіралмасты.

Қызықты, ақпараттық кездесу соңында академиямыздың оқытушылары оқушыларға алдағы ҰБТ-да табыс тіледі.

 

Педагог - кәсіби бағдар беруші

Басболатова А. Р.

 

 

Жаңартылған күні: 18.01.2024 14:24
Құрылған күні: 18.01.2024 14:24

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст