Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Көкшетау қаласының № 2 МЛ-нің 9 сынып оқушылары Көкшетау қаласының Құрылыс-технологиялық колледжіне барды.
Оқытушылар мен студенттер колледжде саяхат өткізіп келесі мамандықтары туралы мәліметтер берді: "Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану", "Электр және электромеханикалық жабдықтар", "Тамақтануды ұйымдастыру", "Сәндік-қолданбалы өнер және халық кәсіпшілігі", "Телекоммуникациялық жабдықтар мен тұрмыстық техникаға қызмет көрсету және жөндеу".
Колледж оқытушылары кәсіп туралы әңгімеледі, бағдарлама кодын жазу, роботтар мен инновациялық білім беру бағдарламаларын құрастыру дағдыларын көрсетті.
Оқушылар оқу кабинеттерімен, оқу-өндірістік шеберханаларымен танысты.
Мектептің кәсіби бағдаршысы
Басболатова А. Р.