2023 жылдың 07 қарашасында Көкшетау қаласындағы № 2 мектеп - лицейінің 9 «Е» сынып оқушылары Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледжде болды.
Колледж оқутышылары мен студенттер экскурсия өткізіп, түрлі мамандықтар туралы ақпараттар берді.
Іс-шара барысында оқушыларға мынадай мамандықтар ұсынылды: «Электромеханика», «Жобалау технигі», «Жылумен жабдықтау технигі», «Электр және газ дәнекерлеуші», «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші», «Ақпараттық жүйелер технигі».
Колледж оқытушылары кәсіп туралы әңгімеледі, бағдарлама кодын жазу, роботтар мен инновациялық білім беру бағдарламаларын құрастыру дағдыларын көрсетті.
Оқушылар оқу кабинеттерімен, оқу-өндірістік шеберханаларымен танысты.
Мектептің кәсіби бағдаршысы
Басболатова А. Р.