Бүгін, Тұңғыш Президент күні қарсаңында салтанат залында №2 мектеп-лицейінің педагогикалық ұжымымен салтанатты іс-шара өтті. Іс-шарада тарих мұғалімдері "Елдіктің жеті тұғыры", "Сапалы білім беру. Білімді ұлт" тақырыптарында баяндамалар жасады. Дәрістер слайдтық презентацияда көрсетілді. Одан кейін мектептің қоғамдық өмірінде, оқуда және спортта ерекшеленген оқушылар мен мұғалімдерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды. #тұңғышпрезиденткүні