КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 2 МЕКТЕП - ЛИЦЕЙІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА - ЛИЦЕЙ № 2" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Әлеуметтік желеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіндегі Ашық есік күні

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіндегі Ашық есік күні

 

2026 жылғы 06 сәуірде «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Жоғары медицина мектебінде 11-сынып оқушыларына арналған Ашық есік күні өтті.

Іс-шара барысында құттықтау сөз сөйлеген кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Жангалов Б.Б. өз сөзінде мұндай кездесулер оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға ғана емес, сонымен қатар алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Шара аясында Симуляциялық орталықтың меңгерушісі Шайзадаева А.А. оқушыларға экскурсия ұйымдастырып, симуляциялық кабинеттердің заманауи жабдықтарымен таныстырды және болашақ мамандардың практикалық даярлық мүмкіндіктерін көрсетті.

Жоғары медицина мектебінің оқытушылары мен студенттері мектеп бітірушілеріне білім беру бағдарламалары, оқуға түсу шарттары және университетте оқудың артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оқу базасымен танысып, медициналық мамандықтардың ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.


Текст