«Ақмола облысы білім беру бөлімінің Көкшетау қаласындағы білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 2 лицей-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Школа-лицей №2 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Азаматтық қорғау Жоғары көпсалалы колледжінде Ашық есік күні

Азаматтық қорғау Жоғары көпсалалы колледжінде Ашық есік күні

 

2024 жылғы 07 ақпанда Көкшетау қаласының № 2 МЛ-ің  9-сынып оқушылары Жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжіне барды.

Оқушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты және келесі мамандықтар туралы хабардар етілді: "ТЖ-да қорғау" және "өрт қауіпсіздігі", "Ақпараттық жүйелер және бағдарламалау", "Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі" "негізгі орта білім берудің тілі мен әдебиетін оқытудың педагогикасы мен әдістемесі", "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту", "Дене шынықтыру және спорт", "Есеп және аудит (бухгалтер)", "Құқықтану", "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік".

Колледж студенттері мен оқытушылары құтқарушылардың жауынгерлік киімдерін кию кезінде мастер – класс өткізді.

Кездесудің басынан бастап оқушылар өздерін құтқарушы ретінде сезінді.

Экскурсия қызықты әрі танымды өтті. 9-сынып оқушыларының көпшілігі АҚЖКК-ге түсуге шешім қабылдады.

 

Жаңартылған күні: 12.02.2024 14:32
Құрылған күні: 12.02.2024 14:32

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст