"Жарқын болашақ", "Сөз шеберлері", "Жас қаламгер"

13.02.2020 жылы Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау мақсатында "Жарқын болашақ" республикалық олипиадасының қалалық кезеңі өткізілді. Мектеп оқушылары 5 бағыт бойынша білімін сарапқа салды. #2 орта мектеп-лицейінің оқушылары жүлделі орынға ие болды. 11"А"сынып оқушысы Татембаев Адильхан "Сөз шеберлері" бағыты бойынша 2-орын, 11"Ә" сынып оқушысы Бакитова Амина "Жас қаламгер" бағыты бойынша 3-орын. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Дильдабаева Эльмира Абдикеримовна.