««ТорIQ.kz» платформасындағы электрондық оқулықтарды пайдалану» тақырыбында қалалық семинар өтті

Қалалық білім бөлімінің жоспары негізінде 2023 жылдың 14 сәуірі күні №2 МЛ мәжіліс залында директордың ІТ технологиялар бойынша орынбасары Р.К.Тюлеубекованың жетекшілігімен ««ТорIQ.kz» платформасындағы электрондық оқулықтарды пайдалану» тақырыбында қалалық семинар өтті.  Семинарға  Красный яр ауылының № 1, 2 жалпы орта білім беретін мектептері қатысты. Бастауыш сынып мұғалімдері: Г.К.Кужубаева, Г.З.Саханова, А.Л.Кажымуратова,  Г.Н.Можейко, Г.К. Нагуманова, Н.А.Тарада, Ю.В.Прокопчик, Н.А.Нурланова түрлі тақырыптарда шеберлік сыныптарын көрсетті. Платформадағы электронды оқулықтар туралы кітапхана меңгерушісі И.А.Маскальчук сөз сөйледі.