Ұйымдар тізімі
9-сынып оқушылары арасында «Brain Battle» зияткерлік ойыны өтті
«Адал азамат» бағдарламасы аясында және «Еңбек адал – жас өрен» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2026 жылғы 2 сәуірде Азаматтық қорғау көпсалалы колледжімен бірлесіп, 9-сынып оқушылары арасында «Brain Battle» зияткерлік ойыны өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың зияткерлік және коммуникативтік дағдыларын дамыту, сондай-ақ болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беру.
Ойын 6 қызықты кезеңнен тұрды: «Криптограммалар», «4 сурет – 1 сөз», «Ақиқат немесе жалған», «Логикалық сұрақтар», «Музыкалық кезең» және «Ставка». Қатысушылар өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын, командалық жұмыс дағдыларын және жылдам шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті.
Зияткерлік ойынға 5 команда қатысты. Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын — «White P» командасы
II орын — «Джигиты» командасы
III орын — «Диванные чемпионы» командасы
Барлық қатысушылар белсенді қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, оқушыларға жағымды әсер сыйлап, өз қабілеттерін көрсетуге үлкен мүмкіндік берді.






«Ғылым айы» бағдарламасы аясында...