«Ақмола облысы білім беру бөлімінің Көкшетау қаласындағы білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 2 лицей-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Школа-лицей №2 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Қорытынды аттестация

№ исх: 04-05/8147   от: 22.12.2016

№ исх: 11-2/573   от: 15.12.2016

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы «16»қарашадағы

№ 660 бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы 18 наурыздағы

№ 125 бұйрығыменбекітілген

 

 

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратынбілім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың,оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудіңүлгі ережесі

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың тәртібін айқындайды.

2. Осы Ережеде мынадай анықтамалар қолданылады:

1) білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау - бұл жалпы білім беретін оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында мұғалім жүргізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру;

2) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан кейін оның бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - білім алушылардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім.

 

2-тарау. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық

аттестаттау жүргізудің тәртібі

 

3. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды барлық оқу пәндері бойынша мұғалімдер 2-11 (12)-сыныптарда оқу жылының бірінші тоқсанынан (жарты жылдығынан)бастап жүргізеді.

1-сыныптың бірінші жартыжылдығында оқу материалын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды.

4. 2-11 (12)-сыныптардың білім алушыларының пәндер бойынша жылдық бағасы тоқсандық (жартыжылдық) бағалардың негізінде қойылады.

5-11 (12) сыныптардың білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды бағасы тоқсандық, жылдық және емтихан бағаларының негізінде қойылады.

Тоқсандық, жартыжылдық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат етілмейді.

5. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім алушылары үшін ауызша, жазбаша немесе тест тапсырмалары нысанындағы бақылау жұмыстары қайта ұйымдастырылады. Бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша «3», «4», «5» деген бағаларын алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.

6. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі.

Үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушыларыаралық аттестаттауға жіберілмейді, қайта оқу жылына қалдырылады.

1-сынып білім алушылары психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдары және ата-аналардың (баланың заңды өкілдерінің) келісімі бойынша қалдырылған білім алушыларды қоспағанда, қайта оқу жылына қалдырылмайды.

7. 5-8 (9), 10 (11) сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін жүргізіледі. Аралық аттестаттау оқу пәндерінің тізбесі (екіден артық емес), нысандары мен өткізу мерзімдері мектептің педагогикалық кеңесінің (бұдан әрі – педагогикалық кеңес) шешімімен белгіленеді.

8. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз қорытынды бағалары бар 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары осы пәндер бойынша қайта аралық аттестаттауданөтеді. Жазғы каникул кезеңінде осы білім алушыларға тиісті пәндер бойынша оқу тапсырмалары беріледі.

9. Қайта аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізіледі. Қайта аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған жағдайда, білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады.

10. 2-8 (9), 10 (11)сыныптардан келесі сыныпқа барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары «3», «4», «5» болған білім алушылар көшіріледі.

11. Барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары «5» болған 5-8 (9), 10 (11)сыныптардың білім алушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі.

 

3-тарау. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі

 

12. Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:

1) 9 (10)сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;

2) 11 (12)сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.

13. 1-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау қарастырылмайды.

14. Қорытынды аттестаттауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі - МЖМБС) талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген9 (10), 11 (12) сыныптардың білім алушылары жіберіледі.

15. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) сынып білім алушылары төрт пәннен емтихан тапсырады, оның біреуі таңдау бойынша.

16. 9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

1) ана тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша)                  (гуманитарлық циклдегі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептердің білім алушылары үшін – шығарма, қалған білім алушылар үшін - диктант);

2) математикадан жазбаша емтихан;

3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақтілінен ауызша емтихан және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен ауызша емтихан;

4) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) ауызша емтихан;

17. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген11 (12) сынып білім алушылары бес емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсырады, олардың біреуі таңдау бойынша.

18. 11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі: 

1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан:

2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;

3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;

4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатынмектептердеорыс тілінен тестілеу;

5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.

19. 9 (10) сынып білім алушыларына емтихан жұмыстарының материалдарын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары), 11 (12) сынып білім алушылары және республикалық мектептердің 9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) дайындайды.

20. Негізгі орта білім беру деңгейінің 9 (10) сыныбында диктантқа                        2 астрономиялық сағат, шығармаға 4 астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) 3 астрономиялық сағат (физика-математика бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда - 4 сағат) бөлінеді.

21. 11 (12) сыныпта эссе жазуға 3 астрономиялық сағат, алгебра және анализ бастамаларына 5 астрономиялық сағатбөлінеді.

Қорытынды аттестаттаудан өтетін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін мектептің ұсынымдарына сәйкес Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі емтихан комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) шешімімен емтихан тапсыру кезінде қосымша уақыт беріледі.

22. Бір және екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған                  9 (10) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттау өткенге дейін жазбаша немесе тест тапсырмалары нысанында қосымша бақылау жұмыстарын орындайды.

23. Білім алушыларды денсаулық жағдайлары бойынша «Технология», «Алғашқы әскери дайындық» немесе «Дене тәрбиесі» оқу пәндерінен босату оларды келесі сыныптарға көшіруге және қорытынды аттестаттауға жіберуге әсер етпейді.

24. Негізгі орта білім туралы куәлікке қосымшаға енгізілетін оқыған пәндерден «5» деген бағасы бар 9 (10) сынып бітірушілеріне «Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 39 бұйрық) бекітілгеннысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік куәлік беріледі.

25. Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетіноқыған пәндерден бағалары«5» болған 11 (12) сынып бітірушілеріне№ 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

26. Жақсы мінез-құлық танытқан және 5-11 (12) сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан«5» деген бағаға өткен 11 (12) сынып бітірушілеріне№ 39 бұйрықпен бекітілгеннысанға сәйкес жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.

27. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша:

1) бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушыларымектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі;

2) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған9 (10)сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады;

3) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған11 (12)сыныптың білім алушыларына «Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген)(бұдан әрі - № 289 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкесбілім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама беріледі.

Келесі оқу жылы аяқталғаннан кейін№ 289 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкесбілім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама алған білім алушылармектептетиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттауданөтеді.

28. Тиісті оқу пәндері бойынша 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қайта бітіру емтихандарын және 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу мерзімін білім басқармалары, сондай-ақ білім басқармаларының келісімі бойынша аудандық және қалалық білім бөлімдері, республикалық мектептердің білім алушылары үшін Министрлік белгілейді.

29. Қайта қорытынды аттестаттаудың емтиханматериалдарын тестілеу немесе жазбаша (эссе), ауызша нысанда мектептер өздігіненәзірлейді.

Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен9 (10) сынып білім алушыларына№ 39 бұйрықпен бекітілгеннегізгі орта білім туралы куәлік беріледі.

Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілгенжалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

30. Барлық жалпы білім беретін пәндерден үлгеретін білім алушылар қорытынды аттестаттаудан білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен, республикалық мектептердіңбілім алушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:

1) денсаулық жағдайына байланысты;

2) І - II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

3) жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар, халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер.

31. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрықтар мынадай құжаттар негізінде шығарылады:

1) осы Ереженің 30-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушылар санаты үшін «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы
23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген)бекітілген,№ 035-1/е нысанына сәйкесдәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

2) осы Ереженің 30-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін мектептің педагогикалық кеңесінің шешімінен көшірме және мектептің қолдау хаты;

3) осы Ереженің 30-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 23 қазандағы N 502 бұйрығымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 4991 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес білім алушының сабақ үлгерімі туралы табелінің (бұдан әрі - табел) телнұсқасы және көшірмесі. Табельдің түпнұсқасы оның көшірмесімен сәйкестігі тексерілгеннен кейін мектеп әкімшілігіне қайтарылады.

Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мектеп басшысының қолымен және мөрімен расталады.

32. Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 (10)және 11 (12) сыныптардың білім алушылары сауыққаннан кейінөткізіп алған емтихандарды тапсырады.

33. 9 (10), 11 (12) сыныптардың бітірушілерін мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға білім алушылар шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда,растайтын құжаттарын ұсынған кезде жіберіледі және ол оқу жылының аяқталуына дейін
2 ай бұрын қорытынды бітіру емтихандары немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өткізіледі.

34. Білім алушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын 11 (12) сыныпты бітірушілер Қазақстан Республикасының мектептерінде 11 (12) сынып үшін қорытынды аттестаттаудан өтеді. Қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін оларға шетелде оқыған пәндерден алған бағаларын, Қазақстан Республикасыныңмектептерінде алдыңғы сыныптарда алған жылдық және қорытынды бағаларын есепке ала отырып,№ 39 бұйрықпен бекітілгенжалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

Білім алушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын 11 (12) сыныптардың бітірушілері үшін емтихан материалдарын дайындауды мектеп жүзеге асырады.

35. Білім алушылар халықаралық алмасу бағдарламасының толық оқу курсын оқыған кезеңде білім алушылардың халықаралық алмасу желісімен кеткенге дейін оқыған Қазақстан Республикасының мектептері контингентінің есебінде болады.

36. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларғаарналған арнайы түзеу мекемелерінде және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың медициналық диагнозына сәйкес аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы шешеді.

Арнайы түзеу мекемелеріне қорытынды аттестаттаудың емтихандарының материалдарын білім басқармалары әзірлейді.

37. Жазбаша емтихандар 11 (12)сынып білім алушылары бір-бірден, ал
9 (10) сынып білім алушылары бір-бірден немесе екіден отырғызылатын үлкен сынып бөлмелерінде өтеді.

Жазбаша жұмыстарды орындау және ауызша жауапқа дайындалу үшін білім алушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріледі. Жұмыстарын орындаған білім алушылар оны жоба жазумен (черновикпен) бірге  Комиссияға тапсырады.

Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар сол аяқталмаған қалпында тапсырады.

38. Жазбаша емтихан өтіп жатқан кезеңде (диктанттан басқа) білім алушының 5 минутқа сынып бөлмесінен шығуына рұқсат беріледі. Ондай жағдайда ол жұмысын Комиссияға тапсырады, емтихан жұмысына білім алушының шығып келген уақыты жазылады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін үзіліске арналған ұзақтау уақыт ұсынылады.

39. Жазбаша емтихан және тестілеу аяқталғаннан кейін білім алушылардың жұмыстарын Комиссия мүшелері мектеп ғимаратында тексереді.

Тексерілмеген жұмыстар мектеп басшысына сақтау үшін тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі.

Математика пәні бойынша «2» және «5» деген бағалар қойылған жазбаша жұмыстарға мектеп Комиссиясы пікір жазады.

Оқыту тілі бойынша қайта жазбаша емтихан нысанын мектептің Комиссиясы белгілейді.

9 (10) сыныптағы шығарма және 11 (12) сыныптағы эссе екі бағамен, негізгі және жалпы орта білім беру курсындағы математикадан жазбаша емтихан жұмысы бір бағамен бағаланады.

40. Мектептердің барлық сыныптарындағы жазбаша емтихан жұмыстары жергілікті уақытпен таңертеңгі 9 сағат 00 минутта басталады. Ерекше жағдайларда осы Ереженің тармақтарын сақтау үшін(мектепте білім алушылардың саны көп болғанда) емтихандарды 2-3 лекпен өткізуге жол беріледі.

Эссе тақырыптарысалынған пакеттер білім алушылардың жәнемектептің Комиссия мүшелерінің қатысуымен емтиханның басталуына 15 минут қалғанда ашылады.

Математикадан материалдар салынған пакеттер 9 және 11 сыныптарда ұсынылған тапсырмалар шартының дұрыстығын тексеру үшін мектептің Комиссия мүшелерінің ғана қатысуымен емтихан басталудан 1 сағат бұрын ашылады.

41. Ауызша емтиханда жауап дайындау үшін білім алушығакемінде                20 минут уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша сұрақтарға жауап бермесе, Комиссия оған екінші билет алуға рұқсат етеді (бұл жағдайда баға 1 балға төмендейді).

42. Тестілеу МЖМБС-ға сәйкес «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ҰТО)   әзірлеген тест тапсырмаларының көмегімен осы Ереженің 18-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген оқу пәндері шегінде өткізіледі.

43. 11 (12) сыныпта  тестілеуге әр пән бойынша 80 минут бөлінеді.

44. Тест нәтижелерін тексеруді мектеп жанынан қалыптастырылған Комиссия сол күні өздеріне ұсынылған дұрыс жауаптар кодына сәйкес мектепте жүзеге асырады.

45. Тестілеуге қатысушылардың жалпы деректер базасын қалыптастырудыағымдағы жылғы 1-30 наурыз аралығында бағдарламалық қамтамасыз ету көмегіменҰТО жүзеге асырады. Білім алушылар туралы деректерді мектеп ҰТО-ға  оның филиалдары арқылы жолдайды.

46. Тест тапсырмаларының саны және нысаны, тестілеуге арналған жауап парағының нысаны әр пән, бейін және оқыту тілі бөлінісінде жасалған тест ерекшеліктерімен анықталады. Тест ерекшеліктерін ҰТО әзірлейді.

47. 9 (10), 11 (12) сыныптарда әрбір пән бойынша ауызша немесе жазбаша емтихандар, тестілеулер және 5-8, 10 (11) сыныптарда сыныптан-сыныпқа көшіру естихандары өткеннен кейін Комиссия сол күні білім алушыларға емтихан бағасы мен қорытынды бағаларын қояды және оларды осы Ережеге
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Негізгі орта жәнежалпы орта білім деңгейлеріндегі оқу курсының емтихан (тестілеу) және қорытынды бағалардың қағаз және электронды хаттамасына (бұдан әрі – Хаттама) енгізеді.Хаттамаға мектепКомиссиясының мүшелері қол қояды.

48. Оқу сабақтары ұйымдастырылған емдеу мекемесінде емделіп жатқан білім алушыларға қорытынды баға қою кезінде олардың осы емдеу мекемесінің жанындағы мектепте (сыныпта немесе топта) алған тоқсандық (жартыжылдық) және жылдық бағалары ескеріледі.

49. Білім алушылардың ауызша емтиханда алған бағалары оларға осы сыныптағы немесе топтағы емтихан аяқталғаннан кейін хабарланады.

Білім алушыныңжазбаша өтінішінің негізінде мектептің Комиссиясы төрағасының қатысуымен оған жазба жұмыстарын тексеру нәтижелерімен танысуға мүмкіндік беріледі.

50. Кезекті емтиханнан «2» деген баға алған 9 (10) және 11 (12)сыныптардың білім алушылары келесі емтиханға жіберіледі.

51. Пән бойынша қорытынды бағаларды шығару кезінде төмендегілерді басшылыққа алу керек:

1) пән бойынша қорытынды баға ағымдағы оқу жылының тоқсандық (жартыжылдық) бағалары ескеріле отырып,жылдық және емтихан бағаларының негізінде анықталады (емтихан бағасы «4», «5» болған жағдайда ескеріледі);

2) емтихан бағасы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда оң қорытынды баға қойылмайды;

3) қорытынды баға емтихан бағасынан жоғары болмайды.

52. Білім алушы жазбаша жұмысы үшін қойылған бағамен немесе тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан кейінгі келесі күні 13 сағат 00 минутқа дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, білім басқармаларының, сондай-ақ республикалық мектептердің білім алушылары үшін Министрліктің жанынан құрылған  Комиссияға шағымданады.

53. Қорытынды аттестаттау өткізу үшін ағымдағы жылғы
1 ақпанға дейінгі мерзімде Комиссия мектеп директорының бұйрығымен мектептер жанында, білім бөлімі басшысының бұйрығымен аудандық, қалалық білім бөлімдері жанында, басқарма басшысының бұйрығымен білім басқармалары жанында және Министрдің бұйрығымен Министрлік жанында (республикалық мектептер үшін)құрылады.

54. Мектеп жанынан құрылған Комиссия құрамына пән мұғалімдері және мектеп директорының орынбасарлары (болған жағдайда), қоғамдық ұйымдардың (болған жағдайда) және ата-аналар комитетінің өкілдері кіреді.Комиссияны мектеп директоры немесе оның орнын алмастырушытұлға басқарады.

Мектеп жанындағы Комиссия мүшелерінің саны негізгі және орта мектепте бір бітірушісынып-кешен болған кездекемінде бес адамнан және негізгі және орта мектептеекі және одан көп бітіруші сынып-кешен болған кездекемінде жетіадамнан тұрады.

55. Аудандық, қалалық білім бөлімдері жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, білім бөлімдерінің, қоғамдық ұйымдар мен ата-аналар комитетініңөкілдері, сондай-ақ білім бөлімі қызметкерінің арасынан тағайындалған хатшы енеді. Комиссияны білім бөлімінің басшысы немесе оның орнын алмастырушы тұлғабасқарады.

56. Білім басқармасы жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, білім басқармасының мамандары, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар комитеттерінің, бұқаралық ақпарат құралдарыныңөкілдері,сондай-ақ білім басқармасы қызметкерлерінің арасынан тағайындалған хатшы кіреді. Комиссияны білім басқармасының басшысы немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.

57. Министрлік жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, Министрлік және Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардыңқызметкерлері,қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар комитеттерінің өкілдері,сондай-ақМинистрлік қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы енеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Білім және ғылымвице-министрі басқарады.

58. Мектеп жанынан қалыптастырылған Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2) 11 (12) сынып білім алушыларының оқыту бейінін ескере отырып таңдаған пәндерінің тізбесін көрсете отырып қорытынды аттестаттау тапсыратын 11 (12) сынып білім алушыларының тізімін қалыптастыру және   ҰТОфилиалына ағымдағы жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде жолдау;

3) емтихандарды, сондай-ақ тестілеуді,эссенің үлгілік тақырыптары, қорытынды аттестаттаудың сұрақтары мен тапсырмалары бойынша сынама емтихандар өткізу жөніндегіжұмыстардыұйымдастыру;

4) қорытынды аттестаттау өткізу уақытына кезекшілер құрамын қалыптастыру және кабинеттерді қажетті техникалық жабдықтармен (тыңдалым үшін магнитафон) қамтамасыз ету;

5) 9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларының, оның ішінде жалпы орта білім туралы үздік және «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарау және ауызша емтихан жауаптарын тыңдау, тестілеу нәтижелерін тексеру;

6) жазбаша емтихан жұмыстары, тесттілеу аяқталғаннан кейін және ауызша емтихан тыңдалғаннан кейін Хаттаманың электронды нұсқасын білім бөлімдеріне немесе басқармаларына жолдау;

7) тестілеу нәтижелерін беру және пайдалану;

8) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес тестілеу нәтижелерінің балдарын Тестілеу балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласына сәйкес бағаларға ауыстыру;

9) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау жәнешешім қабылдау.

59. Аудандық, қалалық білім бөлімі, білім басқармасы, Министрлік жанынан қалыптастырылған Комиссияларкелесі іс-шараларды жүзеге асырады:

  1. білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  2. қорытынды аттестаттауды, сондай-ақ тестілеуді өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  3. апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және нақты шешім қабылдау.

60.Жұмыстардың қорытындысын шығару және «Алтын белгі» белгісімен марапатталған білім алушылардың тізімін бекіту туралы шешімді қабылдау жөніндегімектеп жанынан қалыптастырылған Комиссияның қорытынды отырысыағымдағы жылғы 12 маусымнан кешіктірілмей өткізіледі.

61. Негізгі орта білім туралы үздік куәлік, жалпы орта білім туралы үздік және жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын және «Алтын белгі» белгісін иеленгенбілім алушылардың тізімі мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.

62. Білім басқармалары және республикалық мектептер білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижесі туралы қорытынды мәліметтерді Министрлікке ағымдағы жылғы 20 маусымнан кешіктірмей ұсынады.

63. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаунәтижелері ағымдағы жылғы тамыз айында оқу жылының жұмыс қорытындылары бойынша мектеп жанынан құрылған Комиссияның барлық мүшелерінің қатысуымен педагогикалық кеңесте талқыланады. Педагогикалық кеңес оқу-тәрбие жұмысының сапасын жақсартубойынша нақты шаралар қабылдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш, негізгі орта,

жалпы орта білімнің білім

беретін оқу бағдарламаларын

іске асыратын білім беру

ұйымдарындағы білім алушылардың

үлгеріміне ағымдық бақылаудың,

оларды аралық және қорытынды

аттестаттаудың үлгі ережесіне

1-қосымша

 

Нысан

 

Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқыту курсы үшін емтихан (тестілеу) және қорытынды бағалардың

ХАТТАМАСЫ

 

_______________________________бойынша  Қазақстан Республикасы

(оқу пәнінің атауы)                                                               

 

________________________________________________________________

             (облыстың атауы)

________________________________________________________________

              (аудан атауы)

_______________________________________________________________

(қала (ауыл) атауы)_______________________________________________________________

(мектеп атауы)

 

Емтихан комиссиясыныңқұрамында:

____________________________________________________________________

Емтихан комиссиясы төрағасының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)  ____________________________________________________________________

Емтихан алушының Т.А.Ә. (барболған жағдайда)  ____________________________________________________________________

 (ассистенттің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) 

Білім басқармасынан (Министрліктен) жіберілген емтихан материалдарының пакеті    _____ сағат ____ минутта ашылды.

Пакетпен жіберілген емтихан (тест) материалдары осы хаттамаға қоса берілді.

Емтиханға(тестілеуге)келді: ____________________________________________________________________

Білім алушылардың Т.А.Ә. (барболған жағдайда) 

 

Емтиханға(тестілеуге) келген жоқ: _____________________________________________________________

Білім алушылардың Т.А.Ә. (барболған жағдайда) 

 

Емтихан(тестілеу) ____ сағат ____ минутта басталды.

Емтихан (тестілеу) ____ сағат ____ минутта аяқталды.

 

Емтихан  (тестілеу) нәтижелері бойынша мынадай бағалар қойылды:

 

Емтихан тапсырушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) 

 

Жазбаша жұмыстың тақырыбы және нұсқасы, билет№

Емтихан бағасы (жазумен)

Жылдық бағасы (жазумен)

Қорытынды бағасы (жазумен)

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

           
 

Емтихан комиссиясы мүшелерінің жекелеген білім алушылардың жауаптарының бағалары туралы ерекше пікірлері

_________________________________________________________________

 

Емтиханды (тестілеуді) өткізу күні:«___» __________20__ ж.

Бағаны хаттамаға енгізу күні:«___»__________ 20__ ж.

 

Комиссиятөрағасы           ____________________      ___________

Т.А.Ә. (барболған жағдайда)  қолы

Емтихан алушы мұғалім____________________      ___________

Т.А.Ә. (барболған жағдайда)  қолы

Ассистенттер                         ____________________       __________

Т.А.Ә. (барболған жағдайда)  қолы

                                                        _____________________      __________

Т.А.Ә. (барболған жағдайда)  қолы

 

 

         Ескерту: ұқсас Хатаманың электронды нұсқасы қағаз нұсқамен бірдей қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің

білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын

білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың

үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық

және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне

2-қосымша

 

 

Тестілеу балдарын жалпы орта білім туралы

аттестаттың бағаларына ауыстыру

шкаласы

 

№ р/с

Пән

2
(қанағаттанарлықсыз)

3
(қанағаттанарлық)

4
(жақсы)

5
(өте жақсы)

1

Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі

0 – 8

9 – 26

27 – 32 

33 - 40

2

Қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін орыс тілі

0 – 8

9 – 26

27 – 32 

33 - 40

4

Геометрия

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

5

Физика

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

6

Химия

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

7

Биология

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

8

География

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

9

Дүниежүзі тарихы

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

10

Орыс әдебиеті

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

11

Қазақ әдебиеті

0 – 12

13 - 38

39 -48

49 - 60

12

Ағылшын тілі

0 – 8

9 – 26

27 – 32 

33 - 40

13

Француз тілі

0 – 8

9 – 26

27 – 32 

33 - 40

14

Неміс тілі

0 – 8

9 – 26

27 – 32 

33 - 40

15

Информатика

0 – 6

7 – 13

14 – 20 

21 – 27

 

Жаңартылған күні: 05.02.2019 16:20
Құрылған күні: 05.02.2019 16:20

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст