Көкшетау қаласы #2 мектеп-лицейінің 6А сыныбы Шежіре күніне арналған "Қазақ шежіресі" атты бейнеролигін  сіздердің назарларыңызға ұсынады. Шежіре күні. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалады. Мәліметпен бөліскен: Бейсекеева Аяжан. Сынып жетекшісі: Аубакирова Ботагоз Ораловна