«Ақмола облысы білім беру бөлімінің Көкшетау қаласындағы білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 2 лицей-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Школа-лицей №2 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Дарынды балалар мен талантты жастар

 

Дарынды балалар мен талантты жастар

 

2023 жылғы 12 қазанда Көкшетау қаласындағы "№2 мектеп – лицей" КММ 4 "З" сыныбының оқушылары қаладағы "Дарын" орталығына барды.

"Qabilet" қызметін іске асыру мақсатында дарынды балалар мен дарынды жастардың зияткерлік, жеке әлеуетін жинақтау, қабілеттерін зерттеу және қолдау диагностиқа өткізлді.

"Qabilet" қызметі қабілеттерді тестілеуді және оқушыларды одан әрі оқыту және кәсіби дамыту бойынша кеңес беруді қамтиды.

Қабілеттерді анықтаудың негізгі құралы-тесттер. Қабілеттерді диагностикалау әдістемесі ХХІ ғасырдың дарындылығы мен негізгі құзыреттіліктерін заманауи түсінуге негізделген үздік әлемдік тәжірибелерді пайдалануды көздейді — "4К" (шығармашылық, сыни ойлау, ынтымақтастық, коммуникативтілік)".

Диагностиканың бірінші кезеңіне Көкшетау қаласы №2 МЛ-нің 4 "З" сыныбынаң 20 оқушысы қатысты, сынып жетекшісі Нагуманова Гульжан Какимжановна.

Тестілеу қорытындысы бойынша 4 " З " сынып оқушысы Ахметов Ислам жоғары балл алып, қабілеттер мен дарындылықты диагностикалаудың екінші кезеңіне өтті, Рүстемқызы Имин жоғары деңгейге дейін небәрі 2 балл жетпеді, бірақ ол жақсы нәтиже көрсетті.

 

 

Педагог - кәсіби бағдар беруші

Басболатова А.Р.

 

Жаңартылған күні: 13.10.2023 23:39
Құрылған күні: 13.10.2023 23:39

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст