Кеңес Одағының Батыры Мұса Жалилдің туған күніне арналған еске алу іс-шарасы өтті

15 ақпан күні ақын, Кеңес Одағының Батыры Мұса Жалилдің туған күніне арналған еске алу іс-шарасы өтті. Жазушы қиын да, қысқа ғұмырында  шығармашылық пен өлеңнен күш алды.
Ақын бюстінің жанында митинг өтті, оған №2 МЛ 7 "Д" сынып оқушылары: Любимова Алина, Полянская Арина, Полянская Полина, Цымбал Полина қатысты (сынып жетекшісі Акжигитова Д.М.). Балалар Мұса Жалилдің қиын тағдыры туралы айтып, оның өлең жолдарын оқыды.  Естелік іс-шара батыр ақынның бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.