Ұйымдар тізімі
Табысты мамандық пен жарқын болашаққа алғашқы қадам
2026 жылғы 07 сәуір күні Көкшетау қаласы № 2 МЛ –нің 9-сынып оқушылары үшін Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің өкілдерімен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
Кездесу барысында оқушылар колледжде жүзеге асырылатын мамандықтармен танысты: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», «Дене шынықтыру және спорт», «Есеп және аудит», «Бағдарламалық қамтамасыз ету» «Жол қозғалысын ұйымдастыру» «Жол қозғалысын ұйымдастыру»,
«Электромеханикалық жабдықтарды техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Автомобиль көлігін техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану». Колледж өкілдері оқу мерзімі туралы толық ақпарат берді. Оқу ұзақтығы таңдалған мамандыққа байланысты 2 жыл 10 ай немесе 3 жыл 10 айды құрайды.
Оқу барысында студенттер сапалы теориялық білім алып қана қоймай, кәсіби қызметке қажетті тәжірибелік дағдыларды меңгереді. Колледжде білім алуға қолайлы жағдай жасалған, студенттердің бастамалары қолдау табады және әрқайсысының қабілетін дамытуға мүмкіндік беріледі.
Кездесу мазмұнды әрі әсерлі өтіп, оқушыларға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар берді.






«Ғылым айы» бағдарламасы аясында...