КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 2 МЕКТЕП - ЛИЦЕЙІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА - ЛИЦЕЙ № 2" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Әлеуметтік желеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мамандық – алғашқы дереккөзден

 

«Адал азамат» бағдарламасы аясында «Еңбегі адал – жас өрен» жобасын іске асыру мақсатында 2026 жылғы 12 ақпанда Көкшетау қаласындағы № 2 мектеп-лицейінде «Мамандық – алғашқы дереккөзден» атты кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті.

Кездесудің құрметті қонақтары «Altyntau Kokshetau» АҚ ЗИФ-тың бас инженері Сейтқазиев Аблай Қайратбекұлы және Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледждің кәсіптік бағдар және мансап бөлімінің меңгерушісі Ибраев Бауржан Қайыркенұлы болды.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауға деген жауапкершілігін қалыптастыру, техникалық және жұмысшы мамандықтарға қызығушылығын арттыру, сондай-ақ адал әрі жауапты еңбекті дәріптеу.

Кездесу барысында Аблай Қайратбекұлы өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, тау-кен өндірісі саласының ерекшеліктері, заманауи өндіріс технологиялары және кәсіпорындағы мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы айтып өтті. Сонымен қатар инженерлік кадрларға деген сұраныс пен кәсіби жауапкершіліктің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Бауржан Қайыркенұлы Жоғары техникалық колледждің білім беру бағдарламалары, оқуға қабылдау шарттары, оқу барысында практикалық дағдыларды меңгеру және түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Оқушылар мамандық таңдау, еңбек жағдайы, өндірістік тәжірибеден өту және кәсіби даму перспективалары туралы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Осындай кездесулер оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар береді және еңбекке деген құрмет сезімін қалыптастырады.

 

 


Текст