КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 2 МЕКТЕП - ЛИЦЕЙІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА - ЛИЦЕЙ № 2" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Әлеуметтік желеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мамандық таңдауға бағытталған кездесу

Мамандық таңдауға бағытталған кездесу

 

2026 жылғы 07 сәуірде Көкшетау қаласындағы №2 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары үшін Ш. Уалиханов атындағы Жоғары педагогикалық колледжінде Ашық есік күні өтті.

Іс-шара барысында оқушылар колледждің білім беру бағдарламаларымен, қабылдау талаптарымен және оқу үдерісімен, сондай-ақ болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысты. Колледж өкілдері сұранысқа ие педагогикалық мамандықтар мен кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оқытушылармен және студенттермен еркін пікір алмасып, оқу ордасының білім беру ортасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Іс-шара танымдық әрі жылы атмосферада өтіп, оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етті.


Текст