КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 2 МЕКТЕП - ЛИЦЕЙІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА - ЛИЦЕЙ № 2" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Әлеуметтік желеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қаласы №2 мектеп-лицейінде кәсіби бағдар беру кездесуі

Көкшетау қаласы №2 мектеп-лицейінде кәсіби бағдар беру кездесуі

2026 жылдың 26 ақпанында Көкшетау қаласы №2 мектеп-лицейінде 9 сынып оқушларымен Ақан Сәрі атындағы Мәдениет колледжінің 2-курс студенттерімен «Бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру» мамандығы бойынша кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.

Оқушыларға колледждің мамандықтары туралы жалпы ақпарат ұсынылды. Көрнекілік үшін оқу процесін, студенттерге берілетін мүмкіндіктер мен болашақ перспективаларды көрсететін презентация және бейнеролик көрсетілді.

Кездесудің негізгі бөлігі «Мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру» мамандығына арналды. Колледж студенттері өздерінің практикалық дағдыларын көрсетті:

  • шығармашылық нөмірлер;
  • ойын бағдарламасының элементтері;
  • аудиториямен интерактив.

Мектеп оқушылары болашақ мамандарға қандай білім берілетінін көріп, мамандықпен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.

Кәсіби бағдар беру кездесуі тынысты және позитивті атмосферада өтті.
Қатысушылар  қабылдау тәртібі туралы сұрақтар қойды, болашақ мамандық перспективаларын талқылады қызығушылық танытты.

Кездесу оқушыларға тек «Бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру» мамандығы туралы ақпарат алу мүмкіндігін беріп қана қоймай, шығармашылық жұмыстың атмосферасын сезінуге, сонымен қатар болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына көмектесті.

 


Текст