Ұйымдар тізімі
«Адал азамат» бағдарламасы аясында «Еңбегі адал – жас өрен» жобасын іске асыру мақсатында 2026 жылғы 13 ақпанда Көкшетау қаласындағы №2 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары үшін Көкшетау жоғары колледжі «Арна» базасында шеберлік сабағы өткізілді.
Іс-шара колледжде даярланатын мамандықтармен таныстыруға бағытталды. Колледж өкілдері білім беру бағыттары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, оқуға түсу шарттары, өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері, сондай-ақ түлектердің алдағы кәсіби дамуы мен жұмысқа орналасу перспективалары туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында қатысушыларға колледждің материалдық-техникалық базасы, заманауи оқу кабинеттері мен шеберханалары таныстырылды. Оқытушылар мен студенттер практикалық сабақтардың элементтерін көрсетіп, оқу барысындағы және кәсіби шеберлік байқауларына қатысу тәжірибесімен бөлісті.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, практикалық тапсырмаларды орындап көріп, болашақ мамандықтармен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Өткізілген шеберлік сабағы білім алушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына және техникалық және кәсіптік білім алуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.






Ағымдағы жылдың ақпан айында №2...