Ұйымдар тізімі
Болашақ мамандыққа қадам: оқушыларға арналған Ашық есік күні
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 2026 жылғы 10 наурызда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Бизнес және құқық жоғары мектебінде Көкшетау қаласы мектептерінің 11-сынып оқушыларына арналған Ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында болашақ түлектер Бизнес және құқық жоғары мектебінің білім беру бағдарламаларымен, оқуға түсу талаптарымен, оқу үдерісінің ерекшеліктерімен және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысты. Университет өкілдері оқушыларға сұранысқа ие мамандықтар, студенттердің академиялық өмірі, ғылыми жобалар және кәсіби даму перспективалары туралы айтып берді.
Қонақтар үшін оқытушылар мен студенттермен кездесу ұйымдастырылып, олар өздерінің оқу тәжірибесімен бөлісіп, оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
Ашық есік күні бітіруші сынып оқушылары үшін университетпен жақынырақ танысып, болашақ мамандықты таңдау туралы пайдалы ақпарат алып, алдағы білім жолын жоспарлауда маңызды қадам жасауға жақсы мүмкіндік болды.






1-сыныпқа құжат қабылдау туралы...