11-сыныптардың "Қазаэронавигация"РМК өкілдерімен кездесуі
"Біртұтас ел" бағдарламасы аясында 2024 жылғы 04 желтоқсанда Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейінде 11 сынып оқушыларының "Қазаэронавигация" ШЖҚ РМК Көкшетау филиалының өкілдерімен кездесуі өтті, олар метеоролог, авиадиспетчер және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету инженері мамандықтарын дәріптеу мақсатында кәсіптік бағдар беру іс – шарасын өткізді.
Іс-шараға әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметінің диспетчері Арманов Алижан Арманұлы, метеорологиялық қызметтің инженер-синоптигі Назар Бибінұр Абайқызы және радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметінің ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету кешенінің инженері Айдарбек Жамиля Мұратқызы қатысты.
"Қазаэронавигация" РМК қызметкерлері олардың мамандықтары халықаралық стандарттарға сәйкес әуе қозғалысына қауіпсіз және сапалы аэронавигациялық қызмет көрсетуді талап ететінін айтты.
"Қазаэронавигация" ШЖҚ РМК Көкшетау филиалының мамандары оқушыларға ұйымның жұмысы көрсетілген кәсіпорынның имидждік бейнеролигін көрсетті, өздерінің лауазымдық міндеттері және өз кәсібіне қалай келгендері, "Қазаэронавигация" РМК мансабын құру үшін қандай жоғары оқу орындарында білім алуға болатындығы және "Қазаэронавигация" РМК кәсіптік даярлау орталығы туралы әңгімеледі".