Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының өкілдерімен кездесу
Кәсіптік бағдар беру жұмысы мақсатында Көкшетау қаласы полиция басқармасының мажіліс залында Көкшетау қаласының № 2 мектеп - лицейінің 9-11 сынып оқушылары үшін ҚР Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының өкілдерімен және Көкшетау қаласы полиция басқармасының бөлім бастығымен кездесу ұйымдастырылды. Олар болашақ түлектерді Академияға түсу туралы хабардар етті.
"Құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша: ІІО-да сотқа дейінгі тергеп-тексеру, ІІО-ның Жедел-криминалистикалық қызметі (криминалистикалық зерттеулер жүргізуге 4 рұқсат ала отырып: дактилоскопиялық, трасологиялық, баллистикалық, суық қаруды зерттеу) мамандықтары бойынша оқыту нысаны туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, олар артықшылықтары мен кепілдендірілген кейінгі жұмысқа орналасу туралы айтып, бейнежазбаларды көрсетті, танысу үшін жадынамалар таратты.