"Еңбек адал – жас өрен" жобасы аясында Көкшетау қаласының № 2 мектеп – лицейінің 9 сынып оқушыларымен жоғары техникалық колледж өкілдерімен кездесу өтті.
Оқытушылар Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі – бұл заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен мықты материалдық-техникалық базамен жабдықталған, ұлттық еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық мамандарды даярлайтын жаңа буынның заманауи колледжі екенін айтты.
Келесі мамандықтар туралы ақпарат берілді «Электромеханика», «Жобалау технигі», «Жылумен жабдықтау технигі», «Электр және газ дәнекерлеуші», «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші», «Ақпараттық жүйелер технигі».
Оқушылар колледжде оқу бойынша сұрақтар қойды. Қызметкерлер таныстыру үшін жадынама таратты.