«Ақмола облысы білім беру бөлімінің Көкшетау қаласындағы білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 2 лицей-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Школа-лицей №2 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің КЕАҚ медицина жоғары мектебінің өкілдерімен кездесу

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің КЕАҚ 

медицина жоғары мектебінің өкілдерімен кездесу

 

Кәсіптік бағдар беру жұмысы мақсатында 2024 жылғы 21 ақпанда Көкшетау қаласының № 2 МЛ базасында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің КЕАҚ жоғары медицина мектебінің өкілдері А. Ж. Қосмағанбетовпен және 1 курс студенті, Көкшетау қаласының № 2 МЛ-ің түлегі Рахман Алижанмен кездесу өтті.

         Олар жоғары медицина мектебінде 2020-2021 оқу жылынан бастап оқу мерзімі 6 жыл - 5 жыл бакалавриат + жалпы дәрігерлік практика бағыты бойынша 1 жыл интернатура (дәрігер біліктілігін бере отырып) болатындығы туралы ақпарат берді. Оқыту түрі – күндізгі. Оқыту тілі - қазақ, орыс, ағылшын. Медицина бакалавры резидентурада кіші мамандықтар мен докторантурада оқуды жалғастыруға мүмкіндігі бар.

Түлектер жоғары медицина мектебінің өкілдерімен кездесуге риза болды, өйткені олар өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды: оқыту формалары, оқытудың артықшылықтары туралы. Қызметкерлер таныстыру үшін жадынама таратты.

Педагог – кәсіби бағдар беруші

Басболатова А. Р.


 

Жаңартылған күні: 22.02.2024 15:17
Құрылған күні: 22.02.2024 15:17

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст