«Ақмола облысы білім беру бөлімінің Көкшетау қаласындағы білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 2 лицей-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Школа-лицей №2 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Мамандық әлемімен танысу

10 наурыз күні "Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжі" мекемесінде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Көкшетау қаласының № 2 МЛ 9 сыныбы үшін Ашық есік күні өтті.
Оқытушылар мен студенттер экскурсия өткізіп, түрлі мамандықтар туралы әңгімеледі. 
Іс-шара барысында оқушыларға "Менеджмент", "Құқықтану", "Бағдарламалық қамтамасыз ету", "Есеп және аудит", "Тамақ өнімдерін өндіру технологиясы", "Аударма ісі" мамандықтары ұсынылды. 
Колледж студенттері өз мамандықтары туралы айтып, бағдарламалық кодты жазу, роботтарды құрастыру, сайттар жазу, кондитерлік өнімдер мен коктейльдер дайындау дағдыларын көрсетті, бухгалтерлік есеп жүргізу принциптері туралы әңгімеледі, криминалистердің саусақ іздерін қалай алатынын көрсетті, ағылшын тілін білімдерін көрсетті, тауарларды сату принциптері, маркетингтік қадамдар әдісі туралы айтты.

Педагог – кәсіби бағдар беруші 
Басболатова А. Р.

Жаңартылған күні: 15.03.2023 08:03
Құрылған күні: 15.03.2023 08:03

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст