Ахметжанова Светлана Бекетовна
Наурыздың 17 күні наурыз мерекесі қарсаңында №2 мектеп-лицейінде "Ұлттық салт- дәстүрлер-ұлт мұрасы" атты іс-шара өтті. Аталмыш іс-шара барысында ұлттық салт-дәстүрлердің сахналық қойылымы көрсетіліп, солардың ішінде "Тұсау кесу" рәсімі ерекше көзге түсті. Тұсау кесу рәсімі кезінде жергілікті кария ала жіппен Заир есімді баланың тұсауын кесіп, өзінің ақ батасын берді. Салтанатты іс-шарада 5 сынып оқушылары әсем ән шырқап, би билеп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.