№2 мектеп-лицейінің "Балақайлар мектебі" болашақ бірінші сынып оқушыларының дайындық курстары бойынша есігін айқара ашты.

11.08.2025

Бүгін Көкшетау  қаласы, №2 мектеп-лицейінің "Балақайлар мектебі" болашақ бірінші сынып оқушыларының дайындық курстары бойынша есігін айқара ашты.
Білікті педагогтар байқампаз балаларды зор қуанышпен қарсы алып, болашақ оқушыларды мектепке тиімді дайындалуға көмектесті.
Сабақ барысында балалар:
Дауысты және дауыссыз дыбыстар қайталады; 
Есептеуді бекітті; 
Логикалық жаттығулар жасады; 
Зейін мен ойлауды жаттықтырды; 
Аталмыш балақайлар мектебінде балалар оқу үдерісіне асқан қызығушылықпен қосылды. 
Әрбір әрекет-сенімділікке, білімге және оқуға деген сүйіспеншілікке жасалған қадам!

Просмотров: 243


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу