Текст
Қыркүйектің 9 күні "Адал азамат" бағдарламасы аясында №2 мектеп-лицейінде қазақ тілінде оқытылатын сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі" атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш дөңгелек үстелге сынып жетекшілер, ата-аналар және мектеп әкімшілігі қатысты. Дөңгелек үстел барысында ата-аналар өзара ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты.