20.12.2025
2025 жылдың 19 желтоқсан күні №2 мектеп-лицейінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сыныптарда цифрлық платформалар мен AI құралдарын тиімді пайдалану және
“Адал азамат” бағдарламасын енгізу тәжірибесі» тақырыбында қалалық семинар өтті. Аталмыш семинардың басты мақсаты: Бастауыш сыныптарда цифрлық платформалар мен жасанды интеллект (AI) құралдарын тиімді қолдану арқылы оқыту үдерісінің сапасын арттыру, мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін дамыту және “Адал азамат” бағдарламасын оқу-тәрбие процесіне кіріктірудің тиімді жолдарымен өзара тәжірибе алмасу. Семинарға Көкшетау қаласының және Зеренді ауданы Молодежный ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинар салтанатты ашылудан басталып, бастауыш сынып мұғалімдерінің үлгі сабақтарына ұласты. Атап айтқанда, семинардың I бөлімінде директордың тәрбие жұмысының орынбасарының м.а. Гульжан Какимжановна Нагуманова "Адал азамат: бастауыш сыныпта адалдық құндылықтарын қалыптастыру" тақырыбында баяндама жасады. Бастауыш сынып мұғалімдері А.О.Космаганбетова "Қазақ тілінен: «Өзіңді тексер»(2 «А»); А.Г.Ашенова орыс тілінен «Правописание и написание слов с непроизносимыми и удвоенными согласными в корне. Для чего нужны маяки»(3"В"); Б.Қ.Жулдугулова математикадан «Өткен материалды қайталау»(2"Б"), С.С. Мейрамова дүниетанудан “На чём интереснее путешествовать»,
(2 «Д») тақырыптарда үлгі сабақтарын өткізді. Ал семинардың II бөлімінде Г.Б.Кабдрахманова «Бастауыш мектепте цифрлық платформалар мен AI пайдалану: мүмкіндіктер мен перспективалар»; Т.М.Драшко мен И.А.Бакка "Повышение эффективности обучения: опыт применения авторских пособий" тақырыбында шеберлік - сыныптар өткізіп, бастауыш мектепте білім беру берудегі озат педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті. Екі бөлімнен тұратын семинар қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы – ұрпаққа аманат» атты мерекелік концертпен аяқталды. Семинарға келген қонақтар бастауыш сынып мұғалімдері Синица А.Е., Кажимуратова А.Л. жетекшілігімен іс-шараға кері байланыс жасады.


