30.12.2025
29 желтоқсан күні №2 мектеп-лицейінде «Мектепте инклюзивті білім беруді жүзеге асыру» атты тақырыпта №3 педагогикалық кеңес өтті. Аталмыш педагогикалық кеңеске мектептің мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым қатысты. Күн тәртібінде келесідей мәселелер талқыланды:
1. 31.10.2025 жылғы №2 педагогикалық кеңесі шешімінің орындалуы;
2. Мектеп бойынша 2-тоқсандағы оқу үлгерімін талдау;
3. Заманауи мектептегі инклюзивті білім беру: Инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің 2025-2026 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы жұмысының қорытындысы.
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қосымша біліммен қамту жұмыстарын ұйымдастыру.
4. Әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыттары;
5. Дарынды балалармен жұмыстың рөлі. Мектеп оқушыларының әртүрлі деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен жарыстарға қатысуын талдау;
6. Жобалау әрекеті арқылы оқушылардың зерттеушілік ұстанымын қалыптастыру;
7. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
8. 2025-2026 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының қорытындысы.
Педагогикалық кеңес соңында мектеп директоры Байболова Роза Бексултановна алдағы тоқсанға қойылатын жаңа мақсаттармен таныстырып, 2025-2026 оқу жылының 1 жартыжылдығында өткен байқаулар мен олимпиадалардың жүлдегерлерін, бастауыш сынып мұғалімдері Акипова Кайнигуль Иманмаликовна, Доронина Юлия Александровна, Водницкая Екатерина Александровна, Доспаева Гульмира Нурлыбековна, Ласточкина Ирина Владимировна, Казенова Анар Кайратовналарды марапаттады.