30.03.2026
❗❗❗
📢 Құрметті болашақ 1-сынып оқушыларының ата-аналары!
2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау туралы маңызды ақпаратпен таныс болыңыздар 👇
📌 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 2-20-6/2297-И хатына сәйкес, биыл 1-сыныпқа өтініш беру мерзімдеріне өзгерістер енгізілді.
📅 НЕГІЗГІ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ:
🗓 Ақмола облысы бойынша 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусым мен 17 маусым аралығында жүргізіледі.
Осы кезеңде ата-аналар (заңды өкілдер) белгіленген тәртіп бойынша өтініш тапсыра алады.
📍 ҚОСЫМША ҚАБЫЛДАУ:
🗓 2026 жылғы 11 шілде мен 31 тамыз аралығында қосымша қабылдау барлық өңірлерде жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
Қосымша қабылдау тек бос орындар болған жағдайда жүргізіледі.
📲 Өтініш беру тәсілі:
Өтініш «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданады: egov.kz
📄 Портал арқылы өтініш беру үшін қажет құжаттар:
✅ Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші;
✅ Баланың 3×4 см сандық фотосуреті;
✅ № 052-2/у нысаны бойынша баланың денсаулық паспорты
(2025 жылдан бастап бұл құжат eGov порталында электронды форматта қолжетімді);
✅ № 065/у нысаны бойынша профилактикалық екпелер картасы;
✅ ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда).
🔎 Маңызды:
1-сыныпқа қабылдау туралы өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.
⛔ Құжаттарды қабылдаудан бас тарту себептері:
– сынып-жиынтықтардың толып кетуі;
– ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе ондағы деректердің дұрыс еместігі.
☎️Барлық сұрақтар бойынша "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне осы телефон номері арқылы хабарласуға болады: 52-45-79
Мекен-жайымыз: Шакарим Кудайбердиев көшесі, 111
📌 Құрметті ата-аналар, құжаттарды белгіленген мерзімде тапсыруды сұраймыз!