Ерейментау қаласында мәслихат депутаттарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Балалар жылына арналған Ақмола облысы оқушылары арасында "Бақытты балалар-ел болашағы!" атты дебат турнирі өтті. Жакимова Гаухар, № 2 МЛ 11 "Ә" сыныбының оқушысы, ақмолалық дебатерлер арасында жеңімпаз (ГРАН ПРИ) және "Үздік спикер" атағының иегері болды.Жоғары жетістіктері үшін ол кубокпен, ақшалай сертификатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Команда жетекшісі және дебат қозғалысының үйлестірушісі - Кенжебаев Мұрат Қайырбекұлына үлкен алғысымызды білдіреміз ! Ұйымдастырушылардың керемет жұмысын, қазылар алқасының әділ шешімін, таймпикерлердің көмегін және, әрине, Ерейментау қаласының қонақжайлығын ерекше атап өткіміз келеді! #Дебаттыққозғалыс