Қараша айының 11-15 аралығында «Ұлыдаланың Ұлыперзенттері» тақырыбында орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша апталық болып өтті.
Қарашаның 11-і күні апталықтың салтанатты ашылуы өткізілді.Оқушылар мен ұстаздарға қазақ тілі мен әдебиет апталығының басталғаны хабарланып, оқушылар жұмыс жоспарымен таныстырылды.
Апталық аясында әдістемелік бірлестік мұғалімдері сыныптан тыс интеллектуалдық, танымдық іс-шаралар және соңғы күнінде апталықтың салтанатты жабылуы өткізілді.
Іс-шараға қатысқан оқушылар жақсы дайындалған. Мәнерлеп оқу сайысында 5-сынып оқушылары Еремин К.- І орын, Антонов Д. - ІІ орын,Острянина В. -ІІ орын, Златорева М.- ІІІ орын , Лян В.- ІІІ жүлделі орындар иеленді.Мақал-мәтелдер сайысында Жолдыбаев А.- І орын, Хилько И. - ІІ орын, Бабич Е. - ІІІ орын, Малов Т. - ІІІ жүлделі орындаралды.
Апталықтық орытындылау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада әдістемелік бірлестік жетекшісі сөз алып, апталық ішінде ерекше көзге түсіп, белсенділік танытқан оқушыларды марапаттады.
Жалпы алғанда апталықтың барысы өте жақсыд еңгейде өтті.
2019 жылдың қарашаның 11-і күні , №2 орта мектеп-лицейінде «Ұлы даланың ұлы перзенттері» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы басталды.
Апталықтың мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілде сөйлеу дағдысын дамытып,жас ұрпақты мемлекеттік тілді мақтан тұтуға, құрметтеуге тәрбиелеу және қазақтың ұлы ақыны және ағартушы,көрнекті қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ойшыл ақынның өнегелі өмірімен таныстыру,шығармаларына шолу жасау, әдеби мұрасын сүйіп оқуға баулу.
Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау негізінде апталықтың өтілу іс-шарасы жоспарланып, бекітілді.Осы жоспар негізінде апталық жоғары деңгейде өтеді деген сенімдеміз.