КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 2 МЕКТЕП - ЛИЦЕЙІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА - ЛИЦЕЙ № 2" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Әлеуметтік желеміз

Директордың блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мүгедектік 5 жылға белгіленетін аурулардың тізбесі бекітілді

24.12.2019

 

       Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылға дейінгі ҚР мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, ересектерге мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленетін аурулар тізбесі бекітілді. Особо ыған байланысты дене функцияларының ауыр бұзылуымен, оңалту болжамы күмәнді немесе қолайсыз 19 аурудың тізбесі жасалды, оған сәйкес мүгедектік 5 жылға белгіленуі мүмкін. Олардың ішінде интоксикация айқын білінетін қатерлі ісіктер, психика айқын бұзылған шизофрения, органдар мен организм функцияларының айқын білінетін біршама бұзылуымен қант диабеті, V сатыдағы созылмалы бүйрек аурулары және т.б. бар. Бұдан басқа, 16 жасқа дейінгі бала мүгедек деп танылатын медициналық көрсетілімдердің тізбесі кеңейтілді. Мәселен, мүгедектікті 5 жыл мерзімге белгілеу үшін қолданыстағы көрсетілімдер тізбесіне балалар аутизмі, Аспергер синдромы, атипикалық аутизм, сондай-ақ қайта куәландыру кезінде 1 және 2 типті қант диабеті және т. б. қосылды. 16 жасқа дейінгі мүгедектік терінің тұқым қуалайтын аурулары, Даун және Ретт синдромдары, үдемелі бұлшықет дистрофиясы, туа біткен миопатиямен және аутизммен, Аспергер синдромымен, атиптік аутизммен ауыратын балаларды қайта куәландыру кезінде белгіленеді.

Просмотров: 551


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст