13 қазанда дене шынықтыру бойынша облыстық Олимпиада өткізілді,№2 мектеп-лицейінің 5"З" сынып оқушысы Жанат Адель облыстық команданың құрамына енгізіліп, қалалық олимпиадада үздік нәтижелер көрсетті. Облыстық кезеңде Адель 5-6 сыныптар арасында командалық есепте жүлделі орынға ие болып, облыстық дене шынықтыру Олимпиадасының чемпионы атанды. 27-29 қазан аралығында Жанат Адель 5-6 сыныптар арасында команда құрамында дене шынықтыру бойынша Республикалық олимпиадада облыс намысын лайықты қорғады. Алты түрлі бөлімге қатысу қорытындысы бойынша 5-6 сыныптар арасында дене шынықтыру бойынша Республикалық олимпиаданың қола медалін жеңіп алды. Жас спортшы мен оның тәлімгерлерін керемет жеңісімен құттықтаймыз! Оған жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!