30 қараша күні №2 ОМЛҚР Президент күніне орай концерт ұйымдастырылды. Мектеп директоры, Нұр Отан
партиясының мүшесі, мектеп директоры Абдыкасымова Г.Ж. өзінің ыстық лебізін білдіріп, Көкшетау әкімі Е.Б.Маржықпаев атынан Көкшетау қаласының тұрғындарына арналған құттықтау сөзін жолдағанын оқып берді.
Іс шара аясында Мазбаева Ботагоз - математика мұғалімдері арасында облыстық сайысында жеңіске жеткен
үшін, мектептегі қамқоршылық кеңесінін торағасы Закирьянов Е.және оның жұбайы - Облыстық әкелер сайысының күміс иегері атанып, бастауыш сынып мұғалімдері Қосмагамбетова А. және Бурдейная И.қалалық көркем жазу сайысында 1 және 3 орынға ие болған оқушыларды дайындаған үшін марапатталды. Мерекелік іс шара концерт бағдарламасымен жалғасты.