КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 2 МЕКТЕП - ЛИЦЕЙІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА - ЛИЦЕЙ № 2" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Әлеуметтік желеміз

Директордың блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№2 орта мектеп – лицейінде Қазақстан Республикасы халқының Тілдер мерекесі 6- қыркүйектен бастап, 15-қыркүйек аралығында болып өтті.Тілдер мерекесінің онкүндігінде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерімен бірге сынып жетекшілері д

22.09.2017

№2 орта мектеп –лицейінде    Қазақстан Республикасы халқының  Тілдер мерекесі 6- қыркүйектен бастап, 15-қыркүйек аралығында болып өтті.Тілдер мерекесінің онкүндігінде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәнінің  мұғалімдерімен бірге сынып жетекшілері де атсалысты. Қыркүйектің  6-сы күні Тілдер мерекесінің ашылу салтанаты болып, мерекелік іс-шараға мектебіміздің оқушылары мен пән мұғалімдері қатысып, орыс - қазақ және ағылшын тілдерінде жатқа өлең жолдары оқылып, тілдің ерекшелігі, тілдің қасиеттілігіне тоқталып өтті.  

Қыркүйек айының 7-сі күні 5-11 сынып оқушыларына арналған  «Тіл-ұлттың сүйенетін тамыры» атты кітапханада кітап 

көрмесі ұйымдастырылды.

Қыркүйектің 11 күні 5-7 сынып арасында «Менің тілім- мемлекеттік тіл» байқауы өтті. Бұл сайыстың ерекшелігі:  оқушылар белсенділік таныта отырып, өздерін үш тілде таныстыра білді.Байқау 4 бөлімнен тұрды. Үш тілде «Өзін-өзі

таныстыру», «Өнерлі өрге озар» мәнерлеп өлең оқу , тест сұрақтарына жауап беру, «Жас полиглот».  Бұл сайысқа қатысқан оқушылардың ең үздік  деп танылған  6 «Д» сынып оқушысы Маликова Анна қалалық

байқауға қатысып, 3 орынға ие болды.

Қыркүйектің 12-і күні «Тиімді тілдік орта» атты  ұлттық және спорттық ойындарын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері дене тәрбиесі мұғалімдерімен бірігіп  өткізді. Сайыста өзге ұлт балалары  қазақтың ұлттық ойындарының бірнеше жаңа түрлерімен танысып, ойын барысында мемлекеттік тілде сөйлеуге тырысты .Ойын өте қызықты өтті. Ойынға 7 «Б» сынып оқушылары  Усачева Анна, Пауков Владимир, Москаленко Анастасия,Федоров Евгений белсене қатысты.

Қыркүйектің 13-і күні 8-11 сынып арасында «Менің тілім- мемлекеттік тіл» байқауы өтті. Бұл іс- шараны

жоғарғы сыныптың қазақ тілі мұғалімдері өткізді. Оқушылар  әртүрлі кезеңдер бойынша өз білімдерін

көрсетті. Сайыстың мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілді  құрметтеуге үйрету; -оқушылардың қазақ тіліне

қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне білуге баулу.

Қыркүйекің 14-і күні 1-4 сынып оқушылары арасында « Ұлттарды біріктірген - ұлы тіл», «Менің елім, ЭСПО

-2017» сурет көрмесі өтті. Бұл көрмені бастауыш сыныптың қазақ тілі мұғалімдері өткізді.

 

15 қыркүйек күніне жоспарланған «Тіл-татулық тірегі»   тілдер мерекесінің апталығы  қорытындыланды. Апталықты қорытындылау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада тәрбие ісінің меңгерушісі басшысы Абылхаева Ж.И  сөз алып, апталық ішінде ерекше көзге түсіп, белсенділік танытқан оқушыларды марапаттады. 

«Игі істің басы – тіл, тәрбие басы –тіл» дейтін болсақ, шынында да мектепте  мұндай  игі шаралардың өтуі аса маңызды. Оқушыларға терең біліммен қатар, саналы  тәрбие беретін оқу мекемесінде

бұл бағыттағы тәрбиелік шаралар жалғасын таба бермек.          

Капбасова Айжан Кабкеновна, ӘБ жетекшісі

Просмотров: 710


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст