КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 2 МЕКТЕП - ЛИЦЕЙІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА - ЛИЦЕЙ № 2" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Әлеуметтік желеміз

Директордың блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2017 жылғы 12 маусым күні №2 орта мектеп-лицейінде 11 сынып оқушыларының мектеп бітіруіне арналған салтанатты шара өткізілді. Жалпы орта білім жөніндегі аттестат биыл мемлекеттік тілде бір сынып, орыс тілінде оқитын екі сыныптың 51 түлегіне тапсырылды.

13.06.2017

2017 жылғы 12 маусым күні №2 орта мектеп-лицейінде 11 сынып оқушыларының мектеп бітіруіне арналған салтанатты шара өткізілді. Жалпы орта білім жөніндегі аттестат биыл мемлекеттік тілде бір сынып, орыс тілінде оқитын екі сыныптың 51 түлегіне тапсырылды.

Түлектердің ішінде он сегізіне мектеп-лицей директоры,  «Нұр Отан» партиясының бастауыш тобының төрайымы  Гульнара Абдыкасымова, директордың ОТІ жөніндегі орынбасары Бибигуль Шахметова мен Жанна Абылхаева оқуда, ғылымда, шығармашылықта және спорттағы жетістігі үшін сертификаттар табыстады.

Аталмыш «Құрмет сертификатының» иегері болған келесі түлектер республикалық, облыстық, қалалық ғылыми конференциялар, пән олимпиадалары, спорт турнирлері мен шығармашылық конкурстар жеңімпаздары мен жүлдегерлері: Беркинбай Нұргүл, Уаисова Айдана, Амерханова Алина,  Есимов Рустем, Жақан Мейірбек, Каримов Айбат, Хусаинова Нагима, Абдрашитова Алёна, Ли Марк, Мемус Кирилл, Алимжанов Шамиль,  Бойко Алевтина, Гиршфельд Кристина, Летчер Ирина, Апсалим Алишер, Турумбаева Наргиз, Каратаева Асия, Стрельникова Анастасия.

№2 орта мектеп-лицейінің педагогтарына оқушылардың ата-аналары Гульмира Шарипова,  Борис Ли және Валерий Третьяк алғысын білдірді.

Шараға қатысқан меймандар Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының Ақмола облысы филиалы жастар қанатының өкілдері Андрей Вереницын мен Мадина Касымова кілең бестік аттестатының иегері Алина Амирханованы

шағын ақшалай сыйлықпен марапаттады.

Просмотров: 443


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст