Ақмола облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес Көкшетау қалалық білім бөлімінің №2 орта мектеп-лицейінде 2017 жылғы 1 – 12 маусым күндері «Балалар еңбегін эксплуатациялауға қарсы 12 күрес күні» Ұлттық ақпараттық кампания шеңберінде шаралар өткізілді.
Шара барысында «Баланың балалығын ұрлама» тақырыбында жадынамалар мен буклеттер дайындалып таратылды. Мектеп тәлімгері мектептің жаңа корпусының мәжіліс залында 4 сынып оқушыларының қатысуымен флешмоб шарасын ұйымдастырып өткізді. Мектеп психологтары оқушылармен «Көңіл-күй қуанышы» тақырыбында психологиялық
тренинг өткізді. Мектеп кітапханасында тақырыптық фильмдер көрсетілді. Мектеп полиция инспекторы балаларға дәріс оқыды, практикалық әңгіме-сұхбат шараларын өткізді. Дене шынықтыру мұғалімі бастауыш сынып оқушыларымен көңілді жарыстар ұйымдастырды.