КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 2 МЕКТЕП - ЛИЦЕЙІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА - ЛИЦЕЙ № 2" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Әлеуметтік желеміз

Директордың блогы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

25 сәуір күні Көкшетау қаласы білім бөлімінің "№2 орта мектеп-лицейінде", «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» бейнероликтер байқауының қорытындысы өтті.

27.04.2017

25 сәуір күні Көкшетау қаласы білім бөлімінің  "№2 орта мектеп-лицейінде",  «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» бейнероликтер байқауының қорытындысы өтті.

Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасының. Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысына сәйкес ағымдағы жылдың сәуір айында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сыныптар оқушылары арасында «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» бейнероликтер байқауы өткізілді.

Байқаудың басты мақсаты – ашық және қоғамға есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға бағытталған міндеттерді шешудегі Қазақстанның жетістіктерін көрсету. Ережеге сәйкес, Байқау екі кезеңде: бірінші кезең –  аудандық (қалалық), 2017ж. 6.04. – 15.04. аралығында; екінші кезең – облыстық, 2017ж. 17.04.- 20.04.аралығындаөткізілді.

Байқауға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне  "мүлдем төзбеушілік" қағидасын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық жұмыстарын (бейнероликтерді) ұсынды.

  Бағалау келесі көрсеткіштер бойынша іске асырылды: ашылып отырған тақырыптың тереңдігі, ұсынылып отырған жұмыстың ақпараттық қанықтығы, автордың позициясы.

Қазылар алқасының шешімімен орындар келесідегідей болып бөлінді:

I орын – Ақкөл ауданы, 

№1 Ақкөл орта мектебі;

II орын – Есіл ауданы, Свобода орта мектебі;

Еңбекшілдер ауданы, Казгородок орта мектебі.

III орын –Атбасар ауданы, №2 Атбасар орта мектебі;

                 Көкшетау қаласы, №2 мектеп-лицей;

Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-гимназиясы.

Жүлделі орын алғандар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің грамоталарымен, қатысушылар алғыс хаттарымен марапатталды.

Просмотров: 777


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст