2017 жылдың 8-9 сәуiр күндерi «ЕХРО — 2017» Халықаралық мамандырылған көрмесiне арналған III дәстүрлi республикалық «Үш Би» пiкiр-сайыс турнирi өттi.
Iс-шараның ұйымдастырушылары — Ақмола облысының жастар саясаты мәселелерi басқармасы мен «Ақмола пiкiрсайыс лигасы» ЖҚБ.
Турнирге Астана, Қостанай, Қарағанды, Орал, Ақтөбе және т.б. қалаларынан 40 команда қатысты.
8 сәуiр күнi iрiктеу ойындары өткiзiлдi. 9 сәуiр күнi ақтық ойындары, жабылу салтанаты мен жеңiмпаздарды және жүлдегерлердi марапаттау рәсiмi өттi.
Пiкiр-сайыс турнирi қазақ және орыс тiлдерiнде Халықаралық Британдық Парламенттiк форматы бойынша өткiзiлдi. Турнирдiң 5 iрiктеу ойындары өттi. Турнир жеңiмпаздарының атағы үшiн күрескен 8 команда ойындардың ақтық кезеңiне өттi.
Турнирдiң жабылу салтанаты мен жеңiмпаздарды және жүлдегерлердi марапаттау рәсiмi Көкшетау қаласының № 2 орта мектеп-лицейiнде өттi.
Турнирдiң қорытындысы бойынша бiрiншi орынды Астана қаласынан «Опатоп» командасы және Қарағанды қаласынан «Ойлан, тап» командасы иелендi, астананың «Задоринки» және «Ұлы парасат жауынгерлерi» командалары
екiншi орынға ие болды, үшiншi орынды «Кокшетауские пряники» командасы және Астана қаласынан «Сыңба бауырым» командасы алды.
Үздiк спикерлердiң атағын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң студентi Бауыржан Әшiрәлi және Назарбаев университетiнiң студентi Алексей Швырко алды. Диан Айбашпанов (Көкшетау қ.) и Өтемiс Ғалымжан (Қарағанды қ.) турнирдiң үздiк төрешiлерi атағына ие болды. Жеңiмпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, iс-шара шеңберiнде 2016 жылы құрылған «Ақмола пiкiрсайыс лигасы» ЖҚБ және Көкшетау қаласының № 2 орта мектеп-лицейi арасында ынтымақтастық туралы қол қойылды.