2017 жылғы 20 наурыз күні №2 орта мектеп – лицейінде жыл сайынғы мектепішілік түркітілдес халықтардың «Наурыз мейрамы» фестивалі өткізілді. 2 – 10 сынып оқушылары көктемгі күн мен түн теңелу мерекесін тойлайтын ұлттардың, атап айтсақ, қазақтар мен өзбектер, түріктер мен татарлар, ұйғырлар мен башқұрттар, түркмендер мен қырғыздардың ұлттық киімдерін, билері мен әндерін және де салт – дәстүрлерін көрсетті.
Бұл шараға оқушылар мен мұғалімдер ғана емес, оқушылардың ата-аналары да белсене ат салысты. Қатысушылар бұл арқылы түркітілдес халықтардың тарихының қызықты қырларымен танысып, таным көкжиектерін кеңітті.
Шараға қатысушы барлық ұжымдар әкімшілік тарапынан мадақтама қағазымен, ал неғұрлым белсенділік танытқан отызға жуық оқушы Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасы ұсынған қазақ ертегілері жинағымен марапатталды. Солардың ішінде Ясмина Сулейменова, Анастасия Мемус, Азамат Касеинов, Лиана Саакян, Даяна Хатиуллина сияқты оқушыларды, сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімі Ольга Федорованы ерекше атап өтуге болады.