Көкшетау қаласы №2 орта мектеп-лицейінің үш оқушысы Астана қаласында 2017 жылы 11 наурызда «Актуальные научные исследования в современном мире» атты XXXVIII республикалық ғылыми-практикалық конференциясында жеңімпаз болды. Конференция ұйымдастырушылары - ОФ "Халықаралық экология, инженерия, педагогика ғылым академиясы", Университет SIENA (Италия), Педагогикалық Даму Орталығы, SAN WARSAWA (Қоғамдық Ғылым Академиясы, Варшава қ., Польша Республикасы).
11 сынып оқушылары Марк Ли және Нургуль Беркинбай әлеуметтану (жетекшісі - Гулнар Абдыкасымова) және Қазақстан тарихы (жетекшісі - Алия Купеева) бойынша жобалар ұсынды және I дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Ал 10 сынып оқушысы Айдана Жанайдарова өлкетану жобасын (жетекшісі - Сабила Садвакасова) қорғап, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Конференция ережесіне сәйкес ең үздік жобаның жетекшісі, мұғалім және №2 омл директоры – Гүлнара Абдыкасымова Абай Құнанбаев медалімен марапатталды, ал жоба авторы Марк Ли Польша қаласының жоғарғы оқу орындарына жолдама алды.