Көкшетау қаласының № 2 орта мектеп –лицейінің мәжіліс залында ата-аналардың қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті. «Мәңгілік ел» Патриоттық актісінің негізінде білім беру ұйымдарында тәрбиелік бағдарламаны еңгізу мақсатында қоғамдық тыңдау жоспарға сәйкес өткізілді.
2016-2017 оқу жылының I жартысында мемлекеттен түскен және жұмсалған қаржының есебін № 2 орта мектеп-лицейінің бас есепші Нурпеисова А.С. айтты.
Ал II жартыжылдықтың қорытындысы мен коррекциялық және лицейлік сыныптардың жұмыстары жайлы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бектимирова К.Х. таныстырып өтті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абылхаева Ж.И. өткен 2016 жылда № 2 орта мектеп-лицейінің педагогтары мен оқушыларының жеткен жетістіктерімен таныстырды
Іс-шараның соңында мектеп-лицейінің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысқан және мектепке демеушілік көрсеткен ата-аналар мақтау қағаздарымен марапатталды